Сала ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтады | arainews.kz

Сала ардагерлерін мерейлі мерекемен құттықтады

127

23 маусым – Полиция күні қарсаңында Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі саласы ардагерлерінің шаңырақтарына барып, оларды мерекемен құттықтап, сый-сияпаттарын табыс етті.

Ақылбек Оразгельдиев бүгінде құрметті зейнет демалысында. Әр жылдары түрлі қызмет атқарған Ақылбек Теңгебекұлы 2009-2016 жылдар аралығында ЖД-158/1 мекемесінің бастығы болған. Жұбайы – Қарлығаш Ниязбекова да осы салада қызмет етіп, «әділет майоры» шенінде зейнеткерлік демалысқа шыққан. Екеуі бұл күн де 3 бала тәрбиелеп отыр.

Отставкадағы әділет подполковнигі А.Оразгельдиев мерейлі мерекемен құттықтай келген ҚАЖ қызметкерлеріне алғысын жеткізіп, қиындығы мол жұмыстарына табыс тіледі. Өз кезегінде ЖД-158/1 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Нұржан Құтымбетов ардагерлердің өмір жолы жас ұрпақ үшін әрдайым үлгіе боларын айтып, әр ісi ізеттілік пен үлгi-өнегеге толы қадiрмендi қариялардың елге сiңiрген ерен еңбегі ұрпақ санасында мәңгі сақталарын жеткізді.

Айгүл Тыныстанова,
ЖД-158/1 мекемесінің қызметкері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.