Таразда мәдениет қызметкерлеріне арналған облыстық семинар өтуде | arainews.kz

Таразда мәдениет қызметкерлеріне арналған облыстық семинар өтуде

417

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ш.Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы және Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «ART format» мәдениет қызметкерлеріне арналған «Мәдени-тынығу жұмысы» тақырыбында облыстық семинар басталды.
3 күнге созылатын үлкен шара санитарлық талаптарды сақатай отырып өткізілуде.
Мәдениет қызметкерлерінің кәсіби деңгейін жетілдіру, мәдени-демалыс ұйымдарының озық тәжірибесінің жаңа бағыттарын игеру мен мәдениет үйі қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға мәдениет үйлерінің көркемдік жетекшілері, әдіскерлері, ән-би ансамбльдерінің, би ұжымдарының жетекшілері және халық театрларының режиссерлары қатысып жатыр.
Шарада дәріс оқып, секциялық жұмыстар жүргізу үшін жоғары деңгейдегі мәдениет және өнер мамандары шақырылды.
Атап айтқанда ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Format Е» Республикалық мәдени даму оқу-әдістемелік орталығының директоры Ерлан Ауесбаев, ҚР Мәдениет қайраткері Асқар Әлихан, философия ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент саз колледжінің директоры Сералы Тлеубаев, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Мәдени және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының аға оқытушысы Гулзада Атемова, Шымкент қаласы «Шымкент-Цирк» мекемесінің бас режиссері Арман Алиев және халықаралық байқаулардың лауреаты, «ХасСақ» этно-фольклорлық ансамблінің мүшесі Нұртуған Қосаманов секілді бірқатар мәдениет майталмандары лекция оқып, тәжірибелік сабақтар өткізеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.