Кәсіпкер көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер алып берді | arainews.kz

Кәсіпкер көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер алып берді

2 425

«Қолы ашықтың жолы ашық». Сарысу ауданының Құрметті азаматы, жеке кәсіпкер Дәулеталды Жанбаев жеті баланың анасы Гүлсана Қалиеваға Жаңатас қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлады. Жалғызбасты ана бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрып келіпті.

– Үнемі балаларым өз үйіміз болса деп армандаушы еді. Бүгін сол балаларымның арманы орындалды. Рамазан айында бізге осындай қамқорлық көрсеткен атымтай жомарт Жанбаев мырзаға алғысым шексіз. Сыйға тартқан үш бөлмелі пәтер қаланың дәл ортасында орналасқан. Іші кең әрі жарық екен, — деген Г. Қалиева барша облыс және аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Көп балалы анаға қуаныш сыйлаған «Алтын-Орда 2006» ЖШС-і директоры Дәулеталды Дәуітбайұлы бұған дейін де аудан, облыс көлеміндегі қамқорлық шараларынан тыс қалған емес.

– Адамға жақсылық жасау парыз ғой. Бүгінгі балалардың жүздеріндегі қуанышты көріп, бойымды ерекше сезім биледі. Үйлі болған Гүлсана қарындасымның балалары енді еш алаңсыз құтты шаңырақтарында өсіп-жетілсін. Елбасы Н. Назарбаев, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев көпбалалы аналардың жағдайын ойлап, қолдан келген барлық жақсылықтарды жасауға жағдай жасап жатыр. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов те аймақта әлеуметтік мәселелердің түйінін тарқатуға бар күш-жігерін жұмсауда. Сондықтан балаларымыз азамат деген атқа лайық болып өссін. Ел тірегіне айналсын!,-деді «Nur Otan» партиясы Сарысу ауданды филиалы саяси кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Д.Жанбаев.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.