Белгісіз таблеткалар кіргізбек болған | arainews.kz

Белгісіз таблеткалар кіргізбек болған

443

Жазасын өтеушілердің туған-туыстарына түзеу мекемелерінің аумағына тыйым салынған заттарды өткізуге талпынғандар заң алдында жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілсе де, олардың түрлі қитұрқы әрекеттерге баруы толастамай тұр.

Тараздағы ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматпен қысқамерзімді кездеуге келген азаматша сәлемдеме арқылы мекеме аумағына рұқсат етілмеген заттарды өткізуге тырысқан. Мекеме қызметкерлері сотталғанның біріне келген сәлем-сауқатты жіті тексеру барысында 24 тал темекінің ішінен 89 дана ақ түсті таблетка тапты.

Қазіргі таңда сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.