№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Джинлир Гащим Мухамедович
Өмірбаян
Мен, Джинлир Гащим Мухамедович, 1963 жылғы 5 қаңтарда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында дүниеге келдім.
1970-1980 жылдары М. Лермонтов атындағы №16 орта мектепте білім алдым.
1980-1984 жылдары Фрунзе қаласындағы педагогикалық институтты «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1985 жылы тарих пәнінің мұғалімі болып бастадым. Педагогикалық салада 32 жылдан астам уақыт еңбек етіп, білім беру жүйесінде мол тәжірибе жинақтадым. Осы уақыт аралығында Қордай ауданы, Сортөбе ауылындағы №17 орта мектептің директоры қызметін атқардым. Қазіргі уақытта М. Лермонтов атындағы №16 орта мектептің директорымын.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып келемін. 1989–1994 жылдары Қордай аудандық халық депутаттары Кеңесінің депутаты болдым. Сонымен қатар Қордай аудандық мәслихатының V–VI шақырылымдарының депутаты ретінде қоғамдық-саяси жұмыс- тарға қатыстым.
Отбасылымын, төрт бала тәрбиелеп отырмын.
Сайлауалды бағдарлама
Қадірлі сайлаушылар!
Депутаттық мандатқа ие болған жағдайда, Қордай ауданы тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін жергілікті өкілді органның жұмысына жүйелі түрде жеткізіп, өзекті мәселелердің оң шешімін табуына күш саламын. Менің мақсатым – әрбір азаматтың пікіріне құлақ асатын, әлеуметтік мүмкіндіктері тең, инфрақұрылымы дамыған және келешекке сеніммен қарайтын ауданның қалыптасуына атсалысу.
1. Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам
Әділетті қоғамның басты өлшемі – заңның үстемдігі, азаматтардың тең мүмкіндігі және мемлекеттік шешімдердің ашықтығы. Осы бағытта тұрғындармен тұрақты кездесулер ұйымдастырып, олардың өтініштері мен ұсыныстарының тиісті мекемелерге жеткізілуіне ықпал етемін. Жергілікті бюджетті жоспарлау мен оның орындалуына қатысты қоғамдық бақылаудың маңызын көтеріп, аудан көлемінде жүзеге асырылатын жобалардың халық мүддесіне сай болуын қолдаймын. Әрбір ауыл тұрғынының пікірі ескеріліп, әлеуметтік мәселелерді шешуде әділдік пен жауапкершілік қағидаттары басшылыққа алынуы қажет.
2. Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі
Азық-түлік бағасының тұрақтылығы – халықтың күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін маңызды мәселе. Осыған байланысты жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау, шағын кәсіпкерлікті дамыту және өнімді тікелей тұтынушыға жеткізу тетіктерін жетілдіру мәселелерін көтеремін. Аудан аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін тұрақты өткізуге, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізуге және делдалдық шығындарды азайтуға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Жергілікті өнім өндірушілерге қолайлы жағдай жасау арқылы ауданның азық-түлікпен қамтамасыз етілуін нығайтуға күш саламын.
3. Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті
Ауылдың өркендеуі ең алдымен сапалы жолға, үздіксіз ауызсуға, тұрақты электр қуатына және қолжетімді байланысқа байланысты. Сондықтан елді мекендердегі жолдардың жағдайын жақсарту, ішкі көшелерді жөндеу, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіру және көшелерді жарықтандыру мәселелерін назарда ұстаймын. Ауызсу жүйелерін жаңғырту, тозығы жеткен инженерлік желілерді кезең-кезеңімен ауыстыру, интернет сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгіземін. Сонымен қатар ауылдардағы мәдениет үйлері, спорт нысандары мен қоғамдық кеңістіктердің жағдайын жақсартуға, тұрғындарға ортақ инфрақұрылымның қолжетімді болуына басымдық беремін.
4. Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі
Әлеуметтік саясаттың нәтижесі әрбір отбасының тұрмысынан көрінуі тиіс. Осы мақсатта көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, жалғызбасты қарттарды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шараларының тиімділігін арттыруға атсалысамын. Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеремін. Жастардың жұмыспен қамтылуына, кәсіптік бағдар алуына және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Әсіресе ауыл жастарының өз туған жерінде тұрақтап, кәсіби дамуына мүмкіндік беретін жобалардың жүзеге асуына мүдделімін.
5. Білім мен ғылым – болашаққа бастар жол
Педагог ретінде білім саласының қоғам дамуындағы шешуші рөлін жақсы түсінемін. Сондықтан бұл бағыт менің депутаттық қызметімдегі негізгі басымдықтардың бірі болады. Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, оқу кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін арттыру және оқушыларға сапалы білім алуға тең мүмкіндік жасау мәселелерін көтеремін. Ауыл мектептеріндегі интернет сапасын жақсарту, цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділікті кеңейту де маңызды. Сонымен бірге мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға, жас мамандарды қолдауға, оқушылардың ғылыми ізденісі мен шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасалуын қолдаймын. Балалардың спортпен, өнермен және қосымша білім беру үйірмелерімен айналысуына мүмкіндік кеңейтуге күш саламын.
6. Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы
Отбасы – қоғамның берік негізі, ал ұрпақ тәрбиесі – баршамызға ортақ міндет. Осы орайда отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ата-ана жауапкершілігін арттыру, жас отбасыларды қолдау және балалардың қауіпсіз ортада өсуіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды қолдаймын. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтуге, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға басымдық беремін. Отбасындағы тәрбие мен білім беру ұйымдарындағы тәлім-тәрбие жұмыстары өзара сабақтас болуы керек. Сондай-ақ аға буынның өмірлік тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізуге, ұлттық салт-дәстүр мен мәдени мұраны насихаттауға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдаймын.
Құрметті жерлестер!
Менің сайлауалды бағдарламамның түпкі мақсаты – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған нақты бастамаларды қолдау және өңірдің тұрақты дамуына үлес қосу. Депутат болу – тек ұсыныс айту емес, сол ұсыныстардың орындалу барысын қадағалап, халық алдында есеп беру. Сондықтан тұрғындармен ашық байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын.
Білімді ұрпақ, берекелі отбасы, таза орта, сапалы инфрақұрылым және әлеуметтік әділеттілік – өркендеген қоғамның басты тіректері. Осы құндылықтарды басшылыққа ала отырып, Қордай ауданының игілігі жолында адал еңбек етуге дайынмын!
Тапсырыс беруші: № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Қордай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Джинлир Г.М.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.