Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қосыбай Бексұлтан Русланұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қосыбай Бексұлтан Русланұлы

№10 бірмандаттық аудандық сайлау округі

11

Өмірбаян

Мен, Қосыбай Бексұлтан Русланұлы, 2000 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім.
2006-2017 жылдары Өрнек ауылындағы Б.Тайшапұлы атындағы орта мектепте оқып, 2017-2021 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.
Еңбек жолымды 2022 жылы Жамбыл ауданы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде статист маман болып бастадым. 2023 жылдың мамыр-тамыз айлары арасында Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде кеңесші маман, 2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасында статист маман, 2024 жылдың мамыр айынан қыркүйек айына дейін Жамбыл аудандық «Жастар ресурстық орталығында» жастар ісі жөніндегі маман, 2025 жылдың шілде айынан бүгінге дейін Жамбыл ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде іс қағаздарын жүргізуші маман болып қызмет атқарып келемін.
Отбасымда 1 ұл тәрбиелеп, өсірудемін.

Сайлауалды бағдарламасы

ОРТАҚ МАҚСАТ ЖОЛЫНДА БІРЛЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАУҒА ДАЙЫНМЫН!

Құрметті сайлаушылар!
Менің басты мақсатым – Әділетті Қазақстан мен әділетті қоғамды қалыптастыруға өз үлесімді қосу, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, табыс көздерін көбейтуге ықпал ету және өмір сүруге қолайлы орта қалыптастыру. «Елдің тірегі – жастар» демекші, ұлттың аманатын арқалаған өскелең ұрпақтың бойына тектілік, білімділік, сауаттылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіруге, тәлім-тәрбие беру бағытындағы игі бастамаларды қолға алуға басымдық беремін. Сонымен қатар еңбек ардагерлерін құрметтеп, олардың жүріп өткен еңбек жолдарын жастар арасында кеңінен насихаттау арқылы жас ұрпақты имандылыққа, ұлтжандылыққа және отансүйгіштікке тәрбиелеуге атсалысамын.
Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуді көздеймін:
– аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ әлеуметтік қолдауға мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсетілуіне, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ықпал ету;
– Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуы жолында электрондық үкімет жүйесіне көшу үдерісі қарқынды жүзеге асырылуда. Осыған орай әрбір ауыл тұрғынының компьютерлік сауаттылығын арттыру, электрондық мемлекеттік қызметтерді өз бетінше пайдалануына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жандандыру;
– «Ауыл аманаты» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардан тыс қалған ауыл тұрғындарының жеңілдетілген несие алуына, өз кәсіптерін ашып, шағын кәсіпкерлікті дамытуына жәрдемдесу;
– Аса және Құмтиын ауылдарындағы көшелерді толықтай жарықтандыру мәселесін көтеріп, тиісті жұмыстардың жүргізілуіне ықпал ету;
– Аса және Құмтиын ауылдарындағы тозығы жеткен көшелерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жолдардың сапасын жақсартуға атсалысу;
– Құмтиын ауылының кіреберіс жолына асфальт төсеу мәселесін тиісті орындар алдында көтеріп, оның шешімін табуына ықпал ету.
Осы аталған жұмыстарды өз бақылауыма алып, олардың кезең-кезеңімен жүзеге асуына және нақты нәтижеге қол жеткізуге ықпал етемін. Сонымен қатар тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмай, оларды тиісті мекемелерге жеткізіп, шешілу жолдарын қарастыруға күш саламын. Басқа да айтылған мақсаттарға қол жеткізу үшін өз округімдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, дамыту жұмыстарының нақты жоспары жасалатын болады.
Жалпы, өзімізге тән биязылықты сақтап, қысылғанда бір-бірімізге қол ұшын беріп, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық таныту, ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді ұлықтап, оны келер ұрпаққа аманаттау – баршамыздың азаматтық парызымыз. «Теңіз тамшыдан құралады» демекші, әрбір азаматтың саналы әрекеті мен жасаған таңдауы қоғамның дамуына қосылған өзіндік үлес болып табылады. Сондықтан сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды ескере отырып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Сіздерді сайлау күні мені қолдап, дауыс беруге шақырамын!

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қосыбай Б.Р.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.