Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мешітбаев Бақытжан Сәбірәліұлы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мешітбаев Бақытжан Сәбірәліұлы

№6 бірмандаттық аудандық сайлау округі

8

Өмірбаян

Мен, Мешітбаев Бақытжан Сәбірәліұлы, 1969 жылы 30 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
1993 жылы Алматы зооветеринариялық институтын «Зооветеринария» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1994 жылы Жамбыл ауданындағы Крупская атындағы кеңшарында жұмысшы болып бастадым. Алғашқы еңбек жолдарымда ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтап, еңбексүйгіштік пен жауапкершілікті басты ұстаным еттім. 2006 жылдан бері Жамбыл аудандық ветеринариялық стансасында ветеринар маманы болып қызмет атқарудамын. Көп жылғы еңбек тәжірибем барысында ветеринария саласының дамуына, ауыл шаруашылығы жануарларының саулығын сақтауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлесімді қосып келемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Білімім мен тәжірибемді ел иігілігі үшін жұмсаймын!

Ауданымыздың дамуы халықты күнделікті толғандыратын мəселелерді шешуден басталады. Олар – жолдардың жағдайы, ауызсудың сапасы, медицина мен білімнің қолжетімділігі, жұмыс орындары жəне балаларымыздың болашағы. Əрбір елді мекенге тиісті көңіл бөлініп, тұрғылықты жеріне қарамастан барлық тұрғынға лайықты өмір сүру жағдайы жасалуға тиіс деп сенемін. Мен үшін əділдік пен халық алдындағы жауапкершіліктің мəні осында.
Басты назарда қордаланған мəселелерді шешумен қатар, кəсіпкерлікті дамыту, еңбек адамын қолдау, жастарға мүмкіндік жасау жəне туған жерді сақтау міндеттері тұр. Мен үшін депутаттық жұмыстың басты нəтижесі – халықтың өміріндегі нақты өзгерістер.
Осы уақытқа дейін жинаған тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көте­руге септігімді тигізгім келеді. Бұл ретте сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:
– инфрақұрылымдық жүйелерді жақсартуға;
– Гродеково ауылындағы тұрғын үйлердегі ауызсудың қысымы мәселесін шешуге және тозған инженерлік желілерді жөндеуге, ауылдардағы көшелер мен тұрғын үйлерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге;
– Гродеково ауылындағы шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға, халықты жұмыспен қамтуға және кәсіптік оқытуға, жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға;
– әлеуметтік осал топтар мен мұқтаж отбасыларды қолдауға, тұрмыс жағдайын жақсартуға, ауылдағы қоғамдық келісім мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге;
– асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін мемлекеттік қолдауды кеңейтуге;
– жергілікті климатқа бейімделген, етті жəне сүтті бағыттағы жоғары өнімді мал тұқымдарын көбейтуге;
– асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың тəжірибесін таратып, селекциялық жұмыстарды ғылыми негізде жүргізуге жағдай жасауға;
– малдың генетикалық əлеуетін жақсарту арқылы ет пен сүт өнімдерінің сапасы мен көлемін арттыруға жағдай жасаймын.

Құрметті сайлаушылар!
Біздің ұлттық мәдениетімізде өткенге салауат айту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау, қысылғанға қол ұшын беру, ағайынның ауызбіршілігін сақтау, ұлттық мәдениетімізді ұлықтау, барымызды ұқсатып, жоғымызды түгендеу әрі соны келер ұрпаққа аманаттау парыз. Сіздер мені қолдаған жағдайда білімім мен тәжірибемді, күш-жігерімді ел иігілігі үшін жұмсаймын.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Мешітбаев Б.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.

Comments are closed.