Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сегізбаев Болат Сейітқалиұлы
№3 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Сегізбаев Болат Сейітқалиұлы, 1993 жылы 3 қазанда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Ащыбұлақ ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды Қ.Сартбаев атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып бастадым. 2025 жылдан бері №5 Шайдана орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болып қызмет етемін.
Өз ісіме жауапкершілікпен қарайтын, тәртіп пен ұйымшылдықты басты қағида ретінде ұстанатын педагогпын. Білім беру саласында жинақтаған тәжірибемді тиімді пайдаланып, қызметтік міндеттерімді адал әрі тиянақты орындап келемін. Алдағы мақсатым – өскелең ұрпақтың дені сау, жігерлі, тәртіпті және ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат болып қалыптасуына үлес қосу.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ХАЛЫҚТЫҢ ТҰРМЫС-ТІРШІЛІГІН КӨТЕРУГЕ СЕПТІГІМДІ ТИГІЗЕТІН БОЛАМЫН
Мен кандидатурамды ұсына отырып, ауданның, өзім тіркелген ауылдық округтің гүлденуіне, көркеюіне өз үлесімді қосқым келеді. Тұрғындардың талап-тілегін, ұсыныс-пікірін тыңдап, халықтың үнін атқарушы билікке жеткізсем деймін. Халық қалаулысы болған жағдайда:
– округтің инфрақұрылымын жақсартуға;
– абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізуге;
– жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолдарды жөндеуге;
– жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға;
– әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне;
– ауылішілік көшелерді түнгі жарықпен қамтамасыз етуге;
– ауыл халқының жағдайын көтеруге;
– интернет желілерін тартуға;
– ұялы байланыс операторларының жұмысын жақсартуға;
– ауыл шаруашылығын дамытуға;
– жастарды жұмысқа орналастыру, ақпараттық-құқықтық қолдау көрсету және медициналық көмек көрсету шараларына кіретін NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша аудандық Жол картасын әзірлеуге;
– шағын бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және инвестиция тарту арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашуға, халықты жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқытуға және жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған мемлекеттік шараларды іске асыруға;
– заманауи үлгідегі инвестициялар есебінен көпфункционалды балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт орталықтарын ашуға;
– әлеуметтік жобалар бойынша балабақша, мектеп, спорт кешендерін салуға;
– ауылдағы тұрғын үйлердегі ауызсудың қысымы мәселелерін шешуге, тозған инженерлік желілерді жөндеуге, көшелерді және тұрғын үйлерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге және көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге;
– ауыл мен қала баласының білімін теңестіруге, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жеткіншектерге қосымша білім беру орталықтары мен курстарын ашуға;
– жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, ветеринариялық инфрақұрылымды дамыту және ауыл шаруашылығы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерінде ауыл тұрғындарының мүддесін қорғауға ықпал етемін.
Сайлауалды бағдарламамда көзделген әрбір тармақты орындау – мен үшін үлкен міндет әрі зор жауапкершілік. Осы және басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін даму жоспары жасалатын болады. Менің мақсатым – сайлаушылардың сенімін ақтау, шешімін күткен өзекті мәселелерді шешуге күш салу. Елін, жерін сүйетін азамат ретінде сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін ескеріп, сайлауалды бағдарламамды орындауға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдаланып, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігімді тигізетін боламын.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сегізбаев Б.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.