Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Хыдырбаев Сәрсен Аралбайұлы
№2 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Хыдырбаев Сәрсен Аралбайұлы, 1990 жылы 28 наурызда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаракемер ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2011 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2011 жылы Тараз қаласындағы №25 орта мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы болып бастадым. 2014 жылдан бері Қаракемер ауылындағы Төле би атындағы орта мектепте бастапқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы қызметін атқарып келемін. Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарудамын.
Отбасымда 4 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
Сайлауалды бағдарламасы
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІН!
Өмірлік тәжірибем мен біліктілігімді пайдалана отырып, ауданымыздың экономикалық-әлеуметтік дамуына, халықтың тұрмыс-тіршілігін көтеруге өз септігімді тигізетін боламын. Осы орайда сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын:
– Қазақстан Республикасы Конституциясының, адам құқықтарын, еңбек және еңбекті қорғау туралы, әлеуметтік қорғау мен балалардың құқығын қорғау туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, қоғамдық бақылауды күшейтуге;
– Аса ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлердегі ауызсудың қысымына қатысты мәселені шешуге және тозған инженерлік желілерді жөндеуге, ауылдағы көшелерді және тұрғын үйлерді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыру аясын кеңейтуге;
– Аса ауылындағы аудандық орталық аурухананың күрделі және аудандық емхананың ағымдағы жөндеуден өтуіне, жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, ауылдағы медициналық мекемелерге «Дипломмен – ауылға!» жобасын пайдаланып, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға;
– мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында оқушыларға білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді және шет тілін терең меңгеруге жағдай жасауға;
– білім ұяларының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оның ішінде округ аумағындағы мектептердің интернет жүйесіне нақты қосылуына, мультимедиялық, лингофондық кабинеттерді жарақтауға;
– шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жұмысын жандандыруға, оларға жергілікті бюджеттен жеңілдетілген несие берілуіне;
– жастарға қолдау көрсетуге, ауылдағы халықтың әл-ауқатын көтеруге, қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздағы несиелер алуға;
– «Ауыл аманаты», «Іскер аймақ» жобаларының Аса ауылында жүзеге асуына;
– аудан экономикасының дамуына, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына;
– бюджет есебінен инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға қаражат бөлуге ықпал ететін боламын.
Құрметті сайлаушылар!
Депутат болу – жауапты міндет. Бұл елдің алдында адал еңбекпен көрінуді талап етеді. Егер сайлауда сіздер мені қолдап, депутат болып сайлансам, сіздердің үміттеріңіз бен сенімдеріңізді ақтаймын.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Хыдырбаев С.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.