Елге қызмет – абыройлы міндет — arainews.kz

Елге қызмет – абыройлы міндет

3

№17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Жаппасов Ертай Даулетович

Өмірбаян

Жаппасов Ертай Даулетович 1984 жылы 14 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келген.
1999 жылы Құлан ауыл шаруашылығы колледжін «Құқықтану», 2001-2003 жылдары Қырғыз мемлекетіндегі Баласағұн университетін «Экономист» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Т.Рысқұлов аудандық пошта байланыс торабында күзетші қызметінен бастаған.
2004 жылдың 30 сәуірінен бастап инкассатор қызметін атқарған.
2025 жылдың 14 тамызынан бастап Т.Рысқұлов аудандық пошта байланыс торабының бастығы болып қызмет етіп келеді.
Отбасылы, 4 баланың әкесі.

Сайлауалды бағдарлама

Менің мақсатым – Жамбыл облысының барлық тұрғындары үшін сапалы қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік-экономикалық алшақтықты азайтуға және халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелердің шешілуіне атсалысу.
Пошта саласында еңбек ете жүріп, шалғай ауылдардағы тұрғындардың сұранысын, қызмет көрсету барысында кездесетін қиындықтарды және халықпен тұрақты байланыс- тың маңызын жақсы түсіндім. Осы тәжірибемді облыстық мәслихат депутаты ретінде өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағыттауды көздеймін.

Пошта және байланыс қызметтерінің қолжетімділігі

— Облыстың шалғай ауылдарында пошта байланысы бөлімшелерінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуіне ықпал ету.
— Ауылдық елді мекендердегі пошта инфрақұрылымын жаңғырту және материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесін көтеру.
— Халық саны аз елді мекендерде көшпелі пошта қызметтерін ұйымдастыру мүмкіндіктерін қарастыру.
— Газет-журналдар мен хат-хабардың уақытылы жеткізілуін бақылауда ұстау.
— Пошта қызметкерлерінің айлық жалақысын жоғарылатуға үлес қосу.

Ауыл экономикасы және шағын кәсіпкерлік

— Шағын және орта бизнестің электрондық сауда алаңдарына шығуына, тауар жеткізу жүйесін ұйымдастыруына қолдау көрсету.
— Жергілікті кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау тетіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз ету мәселесін көтеру.
— Ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және жастар кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау.

Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты

— Зейнеткерлерге, көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру.
— Шалғай ауылдардағы медициналық, әлеуметтік және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға ықпал ету.
— Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті мекемелерге жеткізіп, олардың шешілуіне қоғамдық бақылау жасау.
— Ауылдық жерлердегі жастардың білім алуына, кәсіби даярлығына және тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасауға бағытталған жобаларды қолдау.
— Қоғамда аға буын өкілдеріне құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын сақтау және еріктілер қозғалысын дамыту бастамаларын қолдау.

Еңбек адамы және жұмысшылардың құқығы

— Байланыс, көлік, коммуналдық және басқа да қызмет көрсету салаларындағы еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.
— Ауылдық жерлерде еңбек ететін мамандардың жұмыс жағдайын жақсартуға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету.
— Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта даярлау және кәсіби дамуына мүмкіндік беретін бағдарламаларды қолдау.
— Еңбек заңнамасының сақталуы мен жұмысшылардың заңды құқықтарының қорғалуына қоғамдық бақылауды күшейту.

Өңірлік инфрақұрылым және қоғамдық мәселелер

— Ауылдардағы жолдардың сапасын жақсарту, қоғамдық көлік қатынасын дамыту және шалғай елді мекендердің қатынас мәселесін шешуге ықпал ету.
— Ауызсу, электр энергиясы, интернет және коммуналдық қызметтердің тұрақты көрсетілуін бақылауда ұстау.
— Ауылдық елді мекендердегі мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт нысандарының жағдайын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қолдау.
— Қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтарды басқару мәдениетін қалыптастыруға атсалысу.
— Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бастамаларын қолдау.

Депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтауға бағытталған жауапты міндет. Әрбір ауылдың мәселесі назардан тыс қалмай, әрбір тұрғынның ұсынысы ескерілуге тиіс. Өңірдің дамуы қарапайым азаматтардың өмір сапасынан басталады. Сондықтан халықпен бірге жұмыс істеп, нақты мәселелердің шешілуіне ықпал етуге күш саламын.

Тапсырыс беруші: № 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Жаппасов Е.Д.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.