Халықтың үні – басты назарда! — arainews.kz

Халықтың үні – басты назарда!

3

№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
НИЯЗБЕКОВ КАНАТ АЙМАХАНОВИЧ

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Ниязбеков Канат Аймаханович, Жамбыл облысының тумасы, медицина саласында көпжылдық тәжірибесі бар маман ретінде өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және халықтың өзекті мәселелерінің шешілуіне үлес қосуды мақсат етемін.
Өз еңбек жолымды 2012 жылы Тараз қаласындағы Жамбыл облыстық наркологиялық диспансерде бастап, осы уақытқа дейін денсаулық сақтау саласының түрлі бағыттарында қызмет атқардым. Эпидемиолог, дәрігер-статист, клиникалық- диагностикалық бөлім меңгерушісі және нау- қастарды қолдау қызметінің басшысы ретінде медицина жүйесінің жұмысын ішінен танып, халықтың талап-тілегі мен күнделікті мәселелерін жақсы түсіндім.
Қазіргі таңда Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығында науқастарды қолдау қызметінің басшысы қызметін атқарамын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Қадірлі сайлаушылар!

Мен үшін депутат болу – халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Сондықтан өз білімім мен тәжірибемді ел игілігіне жұмсап, тұрғындардың ұсыныстары мен мәселелерін облыстық деңгейде көтеруді басты міндетім деп санаймын.

Денсаулық сақтау саласын дамыту – басты басымдығым

Адам денсаулығы – қоғамның ең басты құндылығы. Әрбір тұрғын сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуға құқылы.
Осы бағытта:
• Ауылдық жерлер мен қаладағы медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін көтеру;
• Алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ету;
• Аурулардың алдын алу, ерте диагностика және скринингтік тексерулерді кеңінен насихаттау;
• Онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және басқа да әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу шараларын күшейту;
• Медициналық қызмет көрсету кезінде азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуына назар аудару;
• Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту, кадр тапшылығы мәселесін шешуге қолдау көрсету;
• Медициналық мекемелердегі кезек, бюрократиялық кедергілер және қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерді тиісті органдар алдында көтеру.

Әлеуметтік қолдау – халықтың өмір сүру сапасын арттырудың кепілі

Қоғамның дамуы ең алдымен әлеуметтік осал топтарға жасалған қамқорлықпен өлшенеді. Зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар әрдайым назарда болуы тиіс.
Осы мақсатта:
• Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың мәселелерін шешуге ықпал ету;
• Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы және кедергісіз орта қалыптастыру мәселесін көтеру;
• Қарт адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға атсалысу;
• Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
• Тұрғындардың өтініштері мен шағымдарының уақтылы қаралуына қоғамдық бақылау жасау.

Жастарды қолдау сапалы білім беруден басталады

Жастар – еліміздің ертеңі. Олардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына және өз әлеуетін толық жүзеге асыруына жағдай жасау маңызды.
Осы бағытта:
• Жастардың кәсіби білім алуына және сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне қолдау көрсету;
• Жас мамандарды жұмыспен қамту және тәжірибеден өткізу мүмкіндіктерін кеңейту мәселесін көтеру;
• Ауыл жастарының білім мен кәсіби даму мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету;
• Жастар арасында салауатты өмір салтын, бұқаралық спортты және зиянды әдеттердің алдын алуды насихаттау;
• Жас отбасыларды қолдау және олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ұсыныс- тар әзірлеу.

Халықпен ашық диалог арқылы әділ қоғамдық бақылау орнату

Халықтың сеніміне ие болу үшін ең алдымен оның үнін ести білу қажет. Депутат пен тұрғындар арасында тұрақты әрі ашық байланыс болуға тиіс.
Менің жұмыс қағидаттарым:
• Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдау;
• Әрбір көтерілген мәселенің шешілу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп қарастыру;
• Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге атсалысу;
• Тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді облыстық мәслихаттың отырыстарында талқылауға шығару;
• Атқарылған жұмыстар мен қабылданған шешімдер туралы халыққа тұрақты есеп беру;
• Азаматтардың өтініштеріне немқұрайлы қарамай, әрбір мәселенің шешілу барысын бақылауда ұстау.

Құрметті жерлестер!

Менің мақсатым – нақты мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне жүйелі түрде ықпал ету. Әрбір ұсыныстың нәтижесіне қол жеткізу үшін ашықтық, жауапкершілік және табандылық таныту.
Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін үлкен жауапкершілік. Егер мені қолдап, депутаттыққа сайласаңыздар, халықтың мүддесін қорғау, өңіріміздің дамуына үлес қосу және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жолында бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Бірлесе жұмыс істеп, ортақ мәселелерді бірге шешуге шақырамын!
Халықтың үні – басты назарда! Денсаулық, даму, жауапкершілік – ортақ мақсатымыз!

Тапсырыс беруші: №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ниязбеков К.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.