Тыл еңбеккері Төкен Қалқамановқа құрмет көрсетілді - arainews.kz

Тыл еңбеккері Төкен Қалқамановқа құрмет көрсетілді

5

Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Қаратау қаласының әкімі Д. Баймбетов тыл еңбеккері Төкен Қалқамановтың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында ардагердің ел дамуына қосқан еңбегі мен өнегелі өмір жолы ерекше айтылды. Еңбек жолын тракторист, есепші болып бастап, кейін түрлі жауапты қызметтер атқарған Төкен Қалқамановтың адал еңбегі мен тәжірибесі кейінгі буынға үлгі екені атап өтілді.

Қаратау қаласының әкімі Д. Баймбетов ардагерге зор денсаулық, ұзақ өмір және отбасы амандығын тілеп, мерекелік сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар ардагерге құрмет көрсетіліп, ақжарма тілектер айтылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.