Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеуші Б. Б. есімді азаматтың жолдасы ҚАЖ қызметкерлеріне алғыс айтты.
Артықбаева Зинаида өз хатында: «Жолдасымды жұмысқа орналастырғандарыңызға үлкен рақмет. Ол енді өз еңбегімен берешегін өтеп, отбасына жәрдемдесе алады. Жолдасымның мекемеге келгелі жағдайы жақсы. Оған қамқорлық танытып, түзелуіне үлес қосқандарыңызға қуаныштымын» — деп ҚАЖ департамент бастығы, әділет полковнигі Нияз Рыспаевқа, сондай-ақ ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиевке алғыс айтты.
К. Абдымомынова,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесі
ЕТҚЕ инспекторы, әділет аға лейтенанты