Әлеуметтік инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары және тұрғын үй: «Әділет» кандидатының кездесуі — arainews.kz

Әлеуметтік инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары және тұрғын үй: «Әділет» кандидатының кездесуі

7

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігіне, тұрақты жұмыспен қамтуға және баспана мәселесінің шешілуіне тікелей байланысты. Жамбыл облысының 2026–2031 жылдарға арналған даму жоспарында осы бағыттарды қамтитын бірқатар міндет белгіленген. Бұл бастамалар «Әділет» партиясының Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттығына партиялық тізім бойынша ұсынған кандидаттары Ләззат Қалымбекқызы мен Айнұр Сәрсембекова №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұжымымен кездесуінде таныстырылды.
Кездесу барысында кандидат партияның «Әділетті болашақ үшін» атты 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы бес жылда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында жүзеге асыру көзделген негізгі міндеттерге тоқталды.
Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. 2031 жылға дейін облыста 4,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 8 833 пәтер салу жоспарланған. Бұл тұрғын үй кезегін 13 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді. Аталған міндеттер халықтың баспанаға қолжетімділігін арттыруға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған.
Жұмыспен қамту мәселесі де өңірлік бағдарламаның басым бағыттарының қатарында. Алдағы бес жылда жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен кемінде 63 мың адамды қамту көзделген. Сонымен қатар облыс экономикасына 116 инвестициялық жобаны тарту жоспарланып отыр. Олардың іске асырылуы нәтижесінде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру қарастырылған.
Кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық белсенділікті арттыру мақсатында «Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 514 жобаны қолдау жоспарланған. Бұл бастама шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа өндірістердің ашылуына және өңірдегі экономикалық мүмкіндіктердің кеңеюіне бағытталған.
Кездесуде әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Бағдарламада денсаулық сақтау саласын жаңғырту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, жаңа нысандар салу және қолданыстағы мекемелерді жөндеу міндеттері қамтылған. Атап айтқанда, облыста 6 жаңа медициналық нысан салу, 2 нысанға қосымша корпус тұрғызу және 17 медициналық мекемені жөндеу жоспарланған.
Сондай-ақ әлеуметтік салаларда еңбек ететін мамандарды қолдау, олардың кәсіби әлеуетін дамыту және тұрғындарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Бағдарламаны таныстыру барысында Ләззат Қалымбекқызы әлеуметтік даму бағыттарының өзара байланысына тоқталды.
«Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін баспана, жұмыспен қамту және әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігі қатар дамуы қажет. Әр азаматтың тұрақты табыс табуына, лайықты тұрғын үйге қол жеткізуіне және қажетті әлеуметтік көмекті алуына жағдай жасау – өңірлік дамудың маңызды міндеттері. Сондықтан бағдарламада осы бағыттар бойынша нақты көрсеткіштер мен алдағы бес жылға арналған жоспарлар белгіленген», – деді кандидат.
Кездесу соңында орталық қызметкерлері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Кандидат ұжым өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, өңірлік сайлауалды бағдарламада көзделген міндеттер мен оларды іске асыру бағыттары жөнінде түсініктеме берді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Д. А. Каипов.
Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің сайлау қоры қаражатынан төленді.

 

Comments are closed.