Әр ауылдың дамуы – ортақ міндет! — arainews.kz

Әр ауылдың дамуы – ортақ міндет!

2

№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат
Уракбаева Айнура Беркинбаевна

Өмірбаяным

Мен Уракбаева Айнура Беркинбаевна, 1980 жылы 28 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келдім.
1998-2001 жылдары Науаи атындағы Мемлекеттік педгогикалық иститутты бастауыш білім бакалавры мамандығын тәмамдап, 2014-2017 жылдары Тараз Мемлекеттік педагогикалық иституты «Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша білімімді шыңдадым.
Еңбек жолын 2008 жылы Тараз қалалық №27 бөбекжай-бақшасында тәрбиеші болып бастадым. Ал 2014-2019 жылдары Жамбыл ауданы, Аса ауылы, «Балдырған» бөбекжай-бақшасында еңбек еттім.
2019-2020 жылдары №1 мектеп.шағын орталығының тәрбиешісі болсам, 2020-2022 жылдары Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы «Балдырған» бөбекжай-бақшасының әдіскері қызметін атқардым.
2022 жылы «Алтын-сақа» бөбекжай-бақшасына меңгеруші болып тағайындалдым.
2022 жылдың 22 желтоқсанынан Талас ауданы ,Ақкөл ауылындағы «Қарлығаш» бөбекжай-бақшасының меңгерушісімін.
Отбасымда 2 ұл, 6 қыз тәрбиелеп отыр- мын.

Сайлауалды бағдарлама

Қадірлі сайлаушылар!
Менің басты мақсатым – аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, халықтың мұң-мұқтажын билік органдарына жеткізіп, өзекті мәселелердің шешілуіне атсалысу.
Мен үшін депутаттық қызмет – халыққа қызмет ету, тұрғындардың сенімін ақтау және әрбір азаматтың пікіріне құлақ асу.
1. Ауылдардың  инфрақұрылымын дамыту
• Ауылішілік жолдарды жөндеу және асфальттау мәселесін көтеру.
• Ауызсу жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға ықпал ету.
• Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жандандыру.
• Интернет пен байланыс сапасын арттыруға қолдау көрсету.
• Ауылдардың тазалығы мен абаттандырылуын бақылауда ұстау.
2. Білім беру және жастар саясаты
• Мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін көтеру.
• Балаларға арналған спорттық және ойын алаңдарын көбейту.
• Жастардың сапалы білім алуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасауға ықпал ету.
• Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету.
3. Денсаулық сақтау
• Ауылдық медициналық пункттердің жағдайын жақсарту.
• Дәрігерлер мен медициналық мамандардың ауылдарға тартылуына ықпал ету.
• Медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселесін көтеру.
• Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
4. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау
• Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған бастамаларды қолдау.
• Шағын және орта бизнестің дамуына ықпал ету.
• Ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету.
• Жастар мен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатыстыруға атсалысу.
5. Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқаты
• Аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы аналарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолдау көрсету мәселесін көтеру.
• Ардагерлер мен қарттардың әлеуметтік жағдайына назар аудару.
• Әлеуметтік көмектің әділ әрі қолжетімді болуын бақылау.
• Балалар мен отбасылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға атсалысу.
6. Экология және қоғамдық тәртіп
• Заңсыз қоқыс орындарын жою мәселесін көтеру.
• Ағаш отырғызу және көгалдандыру жұмыстарын қолдау.
• Ауылды таза ұстау мәдениетін қалыптастыру.
• Қоғамдық орындарды абаттандыруға ықпал ету.
Халық алдындағы міндеттерім
• Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.
• Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын назарға алу.
• Депутаттық сауалдар арқылы өзекті мәселелерді көтеру.
• Бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге атсалысу.
• Атқарылған жұмыстар туралы халық алдында тұрақты есеп беру.
Менің ұстанымым
Мен құр уәде беруге емес, нақты нәтижеге жұмыс істеуді мақсат етемін. Әрбір ауылдың мәселесі – менің назарымда. Халықтың сенімі мен аманаты – мен үшін үлкен жауапкершілік.
Бірлігіміз бекем болса, алынбайтын асу жоқ! Ауданымыздың болашағы үшін бірге еңбек етейік!
Тапсырыс беруші: №1 бірмандаттық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутатығына кандидат Уракбаева А.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.