«Әулиеата лигасы» Жайдарман ойындарының 2026 жылғы жаңа маусымы басталды — arainews.kz

«Әулиеата лигасы» Жайдарман ойындарының 2026 жылғы жаңа маусымы басталды

11

«Жамбыл облысы әкідігінің ақпарат және қоғамдық даму» басқармасының қолдауымен 2026 жылғы мамыр айында жастар арасында кеңінен танымал «Әулиеата лигасы» Жайдарман ойындарының жаңа маусымы салтанатты түрде өз бастауын алды.

Маусымашар ойыны облыс орталығындағы Баласағұн орталық концерт залында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жаңа маусымға облыстың түкпір-түкпірінен және өңірдің белсенді жастарынан құралған 50-ге жуық команда қатысуға өтінім білдірді. Нәтижесінде іріктеу кезеңінен өткен 14 үздік команда маусымашар сахнасында өнер көрсетіп, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін паш етті.

Ойын барысында қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді әзіл-сықақ арқылы көтеріп, көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі қойылымдар ұсынды. Командалардың тың әзілдері, сахналық мәдениеті мен актерлік шеберлігі көпшілік тарапынан жоғары бағаланып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Маусымашар ойынына 1000-нан астам көрермен қатысып, ерекше мәдени-рухани атмосфера қалыптасты. Көрермендер сүйікті командаларына қолдау білдіріп, ойынның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, «Әулиеата лигасы» өңір жастарының шығармашылық бастамаларын қолдауға, талантты жастардың әлеуетін ашуға және олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналып отыр. Алдағы кезеңдерде лига ойындары өз жалғасын тауып, үздік командалар маусым жеңімпазы атағы үшін бақ сынайтын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.