Жазғы спартакиада аясында армрестлингтен жарыс өткізілді - arainews.kz

Жазғы спартакиада аясында армрестлингтен жарыс өткізілді

9

Жазғы спартакиада жоспарына сәйкес №67 мекемесінде сотталғандар арасында армрестлингтен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ олардың ерік-жігері мен тәртіп мәдениетін қалыптастыру.
Жарысқа арнайы қонақ және бас төреші ретінде Жамбыл облыстық жекпе-жек сайысы федерациясының президенті, Әлем кубогының күміс жүлдегері, рукопашный жекпе-жектен І дәрежелі төреші Мералиев Серік Сейталимұлы шақырылды. Ол жарыстың әділ әрі ашық өтуін қамтамасыз етіп, қатысушыларға спорттың адам тәрбиесіндегі маңызы мен салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы өз ойымен бөлісті.
Жарыс алдында барлық қатысушылар салмақ дәрежелері бойынша бөлініп, қауіпсіздік техникасы талаптары жөнінде арнайы нұсқамадан өтті. Бұдан кейін алдын ала белдесулер өткізіліп, қатысушылар өзара күш сынасты.
Тартысты өткен жарыс барысында спортшылар жоғары дайындық деңгейін, табандылық пен жеңіске деген жігерін көрсетті. Әрбір белдесу спорттық қағидаттарға сәйкес өткізіліп, әділ төрелік жасалды.
Мұндай спорттық іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың дене тәрбиесін дамытуға, заңға құрмет пен тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ әлеуметтік оң мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.