Шахмат және дойбыдан финалдық турнирлер өтті

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №67 мекемесінде жазғы спартакиада аясында шахмат және дойбы спорт түрлерінен жартылай финалдық және финалдық жарыстар өткізілді.
Тартысты әрі қызықты өткен сайыстар барысында қатысушылар өздерінің жоғары дайындық деңгейін, стратегиялық ойлау қабілетін және жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Жарыстар ұйымшыл әрі достық жағдайда өтті.
Финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша шахмат және дойбы турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Үздік қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Осындай іс-шараларды өткізу сотталғандардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға, тәртіпті нығайтуға, салауатты бәсекелестік дағдыларын қалыптастыруға және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға ықпал етеді.