Жазғы спартакиаданың ашылу рәсімі өтті - arainews.kz

Жазғы спартакиаданың ашылу рәсімі өтті

66

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №67 мекемесінде сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жазғы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде “Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №2 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Медеу Нұрбек Абайұлы және грек-рим күресінен жаттықтырушы Удеров Адылхан Жолмаханұлы қатысты.
Кездесу барысында қонақтар спорттың адам өміріндегі маңызы, табысқа жетудегі еңбек пен тәртіптің рөлі туралы айтып, сотталғандарды салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға шақырды. Өз кезегінде қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Жазғы спартакиаданың ашылу рәсімінде қатысушыларға жарыс бағдарламасы таныстырылып, спорттық жарыстардың әділ әрі жоғары деңгейде өткізілуіне тілектестік білдірілді. Спартакиада аясында волейбол, үстел теннисі, қол күресі және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өткізу жоспарланған.
Аталған іс-шара сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, дене белсенділігін арттыруға, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне оң ықпал етеді.
Жазғы спартакиада барысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталатын болады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.