Ауылға серпін берген «AMANAT» жобасы: Айша бибідегі жерасты жылыжайының табысты тәжірибесі - arainews.kz

Ауылға серпін берген «AMANAT» жобасы: Айша бибідегі жерасты жылыжайының табысты тәжірибесі

3

Жамбыл облысы Айша бибі ауылында бұрын сырттан тасымалданатын гүлдер бүгінде жергілікті жерде өсіріліп, нарыққа шығарыла бастады. Ауыл тұрғыны қолға алған жерасты жылыжай тек бір кәсіптің емес, тұтас бір нарықтың қалыптасуына жол ашты. Бұл – «AMANAT» партиясы «Ауыл аманаты» жобасының нақты нәтижесі.

Кәсіпкер Әбдіғали Жағабеков аталған жоба аясында 8,6 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өңірде алғашқылардың бірі болып жерасты жылыжайын салды. 6 соттық аумақта орналасқан жылыжайда бүгінде гүлдің сан түрі өсірілуде, сонымен қатар көкөніс өндірісі де жолға қойылған. Соның нәтижесінде кәсіпкер табысын арттырып, өнім көлемін ұлғайтып отыр.

Жобаның тиімділігі – оның технологиялық ерекшелігінде. Жерасты жылыжайы жылуды ұзақ сақтайтындықтан, шығын айтарлықтай аз болады. Ал жаз мезгілінде онда ішкі температураның қалыпты болуы өнім сапасына оң әсерін тигізеді. Бұл өз кезегінде өсімдіктің өзіндік құнын төмендетіп, оны нарыққа қолжетімді бағада ұсынуға мүмкіндік беруде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.