«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Жол картасы таныстырылды | arainews.kz

«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Жол картасы таныстырылды

52

«Amanat» партиясының жол картасына сәйкес Жамбыл облысында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Бұл туралы облыстық партия филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұловтың өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында берген брифингінде айтылды. Әсіресе өңір экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға бағытталған шаралардың келешекте бірқатар жетістікке жететіні баяндамаға өзек болды.

Жол картасындағы алғашқы бағыт «Аймақтың экономикасының дамуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту» деп аталады. Жамбыл облысы аграрлы аймақ болғаннан кейін, біз ауылшаруашлық саласын дамытуды басты назарға алып отырмыз. Жоспарланған шаралардың негізгісі ретінде «Ауыл аманаты» және «Жер аманаты» жобаларына басымдық берілуде.
Облыста 2019 жылдан бері «Жамбыл облысы ауылы тұрғындарының тұрмысын көтеру» пилоттық жобасы қолға алынған болатын. Бүгінгі күні өз нәтижесін көрсеткен тың бастаманың атауы «Ауыл аманаты» болып өзгертіліп, еліміз бойынша жүзеге асырылуда.

Ауылы тұрғындарының тұрмысын арттыру бағытында «Ауыл Аманаты» бағдарламасы жоспарға сәйкес іске асырылады. Жалпы, 153 ауылдық округтегі 621,7 мың тұрғынды қамту үшін 87,8 млрд. теңге қаражат, оның ішінде үстіміздегі жылы 31,5 млрд. теңге, ал келесі жылы 38 млрд. теңге қажет. Осылайша, алдағы 5 жылда 25 мыңнан астам жаңа жеке кәсіпкерлік құрылып, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 16 мыңнан астам адамға төмендейді, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың саны 7 мыңнан астам адамға қысқарады.

Төрағаның сөзінше «Жер аманаты» бойынша өткен жылы, облыста 208 мың гектардан астам жер, ортақ жайылымға қайтарылған. Жол картаға сәйкес, жыл сайын 40 мың гектар жерді қайтару қарастырылып отыр. Осылайша, алдағы 5 жылда пайдаланусыз жатқан 200 мың гектар жер мемлекетке қайтарылмақ.

Төраға өз баяндамасында аталған бағдарлама аясында 2027 жылға дейінгі мақсаттарымен бөлісті.

Жамбыл облысы ауылшаруашылығына бейім, аграрлық секторды дамытуға әлеуеті жоғары өңір. Сондықтан, 56,8 пайыз тұрғыны елдімекендерде тұрса, 55,7 пайызы аграрлық секторда еңбек етеді. Асыраушы саланы дамыту – ел еңсесін көтерудің төте жолы. Сондықтан партия аграрлық саланы дамытуды басты мақсаттарының бірі етіп отыр.

Яғни, 2027 жылға қарай 150 миллиард теңге құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 950-ден астам жұмыс орнын құрып, суармалы жердің жалпы көлемін 179,2 мың гектарға жеткізуге ықпал етіледі. Сондай-ақ, 6 су қоймасы – Байзақ ауданындағы «Ақмола», Меркі ауданындағы «Андас-1», «Андас-2», «Андас-3», Қордай ауданындағы «Қалғұтты», «Ырғайты» су қоймаларының құрылысы партия бақылауында болады. Бұл өз кезегінде 31 мың гектар жердің жарамдылығын арттыруға сеп болмақ. Бұдан өзге, бүгінгі күні қолданыстағы 3 су қоймалары – Жуалы ауданындағы «Теріс-Ашыбұлақ», Қордай ауданындағы «Қарақоңыз», Сарысу ауданындағы «Ынталы» қоймаларына жаңғырту жұмыстары партия назарына алынады.
Елдегі ең төменгі айлық жалақы көрсеткіш Жамбыл облысына тиесілі. Аталған бағытта 2027 жылдың соңына дейін облыс бойынша ең кемі 84 мың жұмыс орнын, оның ішінде ең кемі 50 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.

Шағын және орта кәсіпкерлік – жұмыспен қамтудың деңгейі мен экономикалық дамудың қарқынын анықтайтын жетекші сала болып табылады. Бүгінде 133,3 мың адамды жұмыспен қамтып, 311,3 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетіп жатқан 92,6 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі жұмыс істеуде.

Бұл әрине көңіл марқайтатын мәлімет емес, сондықтан шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселесіне баса назар аудару қажет.

Ол үшін алдымен жұмыс істеп жатқан шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындар санын 2027 жылы 97 мың бірлікке дейін жеткізіп, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың санын 2027 жылы 147 мыңға дейін жеткізуді қамтамасыз етуге жұмыс жасаймыз, — деді төраға.
Бұл шаралар 2027 жылға қарай облыс экономикасындағы шағын және орта кәсіпкерлік үлесін 23,2%-дан 27,6%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.