«Әйелдер арасындағы GGG» туралы деректі фильм түсірілді | arainews.kz

«Әйелдер арасындағы GGG» туралы деректі фильм түсірілді

164

Танымал қазақстандық документалист Қанат Бейсекеев желіде жаңа фильмін жариялады. Лентаның бас кейіпкері — боксшы Аида Сатыбалдинова.

Фильм «Lady Sparta». LA-дағы кәсіби әйелдер боксы» деп аталады. Онда ол өзінің өмірін, боксқа қалай келгенін және алдағы жоспарлары туралы баяндайды.

«Аида боксқа 25 жасында келген, бұл бокстағы мансаб үшін үлкен жас. Соған қарамастан, бүгінде ол АҚШ-тың кәсіби рингтерінде айқасуда және барлық белдіктер мен титулдарды жеңіп алуды армандайды», — делінген видео сипаттамасында.

«Әйелдер арасындағы GGG» атанған Аида кәсіпқой бокста алты кездесу өткізген, оның рекорды — 4-1-1, 1КО. Ол биылғы шілде айында америкалық Селена Барриостан (5-0, 2КО) нокаутпен жеңіліп қалған еді. Бірақ 31 жастағы қазақстандық боксшы 29 қыркүйекте мексикалық Вероника Вальтеррамен өткен айқаста екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

26 жастағы Қанат Байсекеев бірқатар деректі фильмдердің авторы. Олардың арасында «Алысқа қатынайтын жүргізуші», «Бруклиндегі қазақ полицейі» фильмдері, сондай-ақ АҚШ азаматтары асырап алған қазақстандық балалардың өмірі баяндалған «Бала» картинасы бар.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.