12 мың жамбылдық жас жұмыспен қамту шараларына тартылған | arainews.kz

12 мың жамбылдық жас жұмыспен қамту шараларына тартылған

136

Бүгінде өңірде 240 мыңнан астам жас бар. Бұл — облыс халқының 21 пайызы. Олармен жұмыс жүйелілікті, мақсатты жоспарды талап етеді. Қазіргі уақытта Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі есепті мерзімде 2,4 пайызды құрады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына арналған облыс активі жиналысында мәлімдеді.

– Сол сияқты, NEET (жұмыссыз, оқымайтын)  санатындағы жастардың үлесі былтырғы 15,7 пайыздан 9,2 пайызға дейін кеміді.

Өңір жастарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту бойынша межелік көрсеткіштер белгіленді.  9 айдың қорытындысы бойынша 12 мыңнан астам жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Бұл жұмыстарды мейлінше оңтайландыру мақсатында іс-қимыл жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 14 мыңға жуық жұмыссыз, өзін-өзі нәтижесіз еңбекпен қамтыған жастардың және оқу орнын аяқтаған түлектердің дерекқоры жасақталды.

Аталған санаттар бойынша жоспарды ары қарай жүзеге асыратын боламыз, – дедә аймақ басшысы.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.