Агросектор мен ғылым арасы алшақтамайды | arainews.kz

Агросектор мен ғылым арасы алшақтамайды

200

Саха МАНАТОВ, «Манат» шаруа қожалығының жетекшісі, Байзақ ауданы

Елбасының кезекті Жолдауында да агросекторды дамыту жайы кеңінен сөз болды. Бұл орайда, мемлекеттің  агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толықтай пайдалануға ден қоюы салаға серпін бермек. Өз кезегінде, шаруашылық иелеріне кәсіптерін жүргізуде заман ағымына қарай бейімделуге тура келеді.

Қазірдің өзінде біздің шаруашылықта тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Егістік алқаптарын суландырудағы дәл осы әдіс арқылы шаруашылықтағы өнім көлемі еселеп артты. Жыл он екі ай өнім беретін жылыжай кешені іске қосылды. Жалпы, құны 300 миллион теңге болатын жылыжай кешені арқылы жылына маусымаралық кезеңде 800 тоннаға дейін өнім алуға болады.

Мұның барлығы ауыл шаруашылығына заманауи технологиялық құрал-жабдықтардың енгізудің арқасында мүмкін болып отыр. Агрономия саласындағы ғалымдармен кеңесе отырып алдағы уақытта топырақтың құнарлығын еселеу арқылы мол өнімге қол жеткізу мүмкіндігі сараланбақ. Сол арқылы ішкі нарық сұранысын толық өтеп, көкөністерді шетелге экспорттауды қолға алудамыз. Нәтижесінде, Елбасы Жолдауындағы ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту туралы тапсырмасын орындауға үлес қосамыз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.