Инфляцияға қандай тауарлардың қымбаттауы әсер етеді | arainews.kz

Инфляцияға қандай тауарлардың қымбаттауы әсер етеді

127

Инфляцияның едәуір ұлғаюына көмір, АИ-92 маркалы бензин, дизель отыны бағасының қымбаттауы әсер етті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында  ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов айтты.

«Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция деңгейі 5-7 пайыз аралығы шегінде сақталуда. Ағымдағы жылғы қыркүйекте инфляция 0,4 пайызды құрады, жыл басынан бері 3,3 пайызға өсті. Жылдық инфляция 2018 жылғы қыркүйекте 2017 жылғы қыркүйекке қарағанда 6,1 пайызға артты. Жалпы тұрақты жағдайға қарамастан кейбір тауарлар бойынша бағаның едәуір өскені байқалады», — деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, жылдық көрсеткіште ең жоғары баға өсімі дизель отынына — 38,2,   қызылшаға — 18,3,   қала маңы жол жүру ақысына — 18,1,   қырыққабатқа — 16,7,    тас көмірге -15,2 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте, инфляцияның едәуір ұлғаюына тас көмір, Аи-92 маркалы бензин, дизель отыны ықпал еткен.

«Жалпы, азық-түлік тауарлары бойынша өсу 2017 жылғы желтоқсанға қарағанда 2,3 пайыз құрады. Бұл азық-түлік емес тауарлары бойынша өсу қарқынынан төмен. Олардың бағасы 4,3 пайызға өсті. Ақылы көрсетілетін қызметтерде баға мен тарифтер қалыпты қарқынмен өсті. Өсім — 3,4 пайыз», — деді Руслан Дәленов.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.