А. Шпекбаев Тараз қаласындағы Достық үйіне келді | arainews.kz

А. Шпекбаев Тараз қаласындағы Достық үйіне келді

276

Тараз қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Тараз қаласындағы Достық үйіне келді. Онда Алик Жатқамбайұлы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесуде.

Сондай-ақ, Агенттік Төрағасы Достық үйінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан шаралар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және аймақтағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат алмақ.

Және де жергілікті және шетелдік инвесторлармен, бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесіп, «Protecting Business and Investments» жобалық офисінің таныстырылымына қатысуы жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, А. Шпекбаев жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының ашылу рәсіміне қатысты. Бұдан бөлек, сапары аясында Алик Шпекбаев облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның жеке құрамымен кездесіп, жұмысымен танысып, Жамбыл облысының активімен кездесу өткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.