Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесуде | arainews.kz

Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесуде

244

ҚP Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесуде.

Кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Түркістан жене Қызылорда облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшылары, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен этноқауымдастықтардың өкілдері қатысуда.

Агенттік Төрағасы жиында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысының тапсырмасымен, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Іс-қимыл агенттінің ағымдағы бағыттарын, мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды. Сонымен қатар, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарының аяқ алысы жайлы сөз қозғады.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова және «Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобалық бөлімінің басшысы Гүлмира Кабиева сез сөйлейді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.