Облыс жолдарында жөндеу жұмыстары жүруде | arainews.kz

Облыс жолдарында жөндеу жұмыстары жүруде

199

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің  құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаевтың қатысуымен баспасөз  конференциясы өтті. Әділет Бегалыұлы Жамбыл облысы бойынша құрылыс нысандары,  жол жөндеу жұмыстары және транспорттық тасымалдау жұмыстарының 8 ай қорытындысы туралы баяндады.

2017 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті маңызы бар автожолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайының үлесі 77 % құраса, 2018 жылы аталған көрсеткішті 80,1%-ға жеткізу көзделген. Нәтижесінде, биыл жергілікті маңызы баравтожолдар мен елді мекен көшелерін жөндеу мен күтіп ұстауға 10,8 млрд. теңге бөлінген.

Бөлінген қаражаттар есебінен 24,2 шақырым (2 нысан) шағалды жол салу, 17,7 шақырым (1 нысан) күрделі жөндеу және 445,96 (211 нысан) шақырым автожолдар мен көшелер орташа  жөндеу жұмыстары жоспарланып, жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ, 1 көпірдің құрылысы  және 2 жол өткелі қайта жаңғыртылуда.

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 96 шақырым жергілікті маңызы бар автожолдарды орта жөндеу жұмыстары аяқталып, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,5% құраған. Жыл қорытындысы бойынша көрсеткіш 80,1%-ға жеткізілмек.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.