Жамбыл облысында 107 нысан құрылысына 27 259,6 млн. теңге бөлінген | arainews.kz

Жамбыл облысында 107 нысан құрылысына 27 259,6 млн. теңге бөлінген

280

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облыс әкімдігінің  құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әділет Ахатаевтың қатысуымен баспасөз  конференциясы өтті. Әділет Бегалыұлы Жамбыл облысы бойынша құрылыс нысандары,  жол жөндеу жұмыстары және транспорттық тасымалдау жұмыстарының 8 ай қорытындысы туралы баяндады.

Басқарма басшысының айтуынша, облыстағы құрылыс саласы бойынша 107 нысанның құрылысына 27 259,6 млн.теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 39 нысан пайдалануға тапсырылды. 51 нысан жылдың соңына дейін тапсырылады. Қалған 17 нысан 2019 жылға өтпелі.

Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары:

  1. Білім саласы бойынша барлығы – 15 нысан (4 169,1 млн. теңге);
  2. Денсаулық сақтау саласы бойынша – 10 нысан (673,1 млн. теңге);
  3. Ауыз сумен қамтамасыз ету – барлығы 19 нысан (8 295,8 млн. теңге);
  4. Тұрғын үй құрылысы – 20 нысан (7 220,0 млн. теңге);
  5. Инженерлік – коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету – 31 нысан (5 008,8 млн. теңге);
  6. Спорт саласы бойынша – 7 нысан (1 620,3 млн. теңге);
  7. Басқада бағыттары бойынша – 4 нысан (272,3 млн.теңге) бағыттары бойынша жүзеге асырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.