Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Әмірбекова Ақтоты Жомартқызы — arainews.kz

Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Әмірбекова Ақтоты Жомартқызы

№12 бірмандаттық аудандық сайлау округі

10

Өмірбаян

Мен, Әмірбекова Ақтоты Жомартқызы, 1996 жылы 11 қарашада Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2018 жылы Тараз мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2020 жылдың ақпан айында аудан әкімі аппаратында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасымен уақытша жұмысшы болып бастадым. 2020-2022 жылдары аудан әкімі аппаратының кеңсе, ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшелерінде статист маман қызметін атқардым. 2023-2024 жылдары «Аса-су» ШЖҚ КМК кадр маманы, 2024-2025 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл аудандық бөлімінде іс-жүргізуші маман болып жұмыс істедім. 2025 жылдың 4 қарашасынан бері Жамбыл аудандық «Халыққа қызмет көрсету орталығының» маманы болып қызмет етемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Әрбір азамат берекелі қоғамда өмір сүруге құқылы

Құрметті сайлаушылар!
Ауыл – қазақтың қарашаңырағы. Ауылдың киесін күлге аунатпай, ырыс-құтын қашырмай, түтінінің түзу шыққанына мүдделі болу – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Әрбір азамат берекелі қоғамда өмір сүруге құқылы. Сондықтан да алдағы уақытта сіздердің тараптарыңыздан қолдау тауып, мәслихат депутаты болып сайлансам, төменде көрсетілген жұмыстардың жүзеге асырылуына ықпал етемін. Алға қойған мақсат-міндеттерім келесідей:
– Адам құқықтарының, еңбек және еңбекті қорғау туралы, әлеуметтік қорғау мен балалардың құқығын қорғау туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік, қоғамдық бақылауды күшейтемін;
– мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында оқушыларға білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді және шет тілін терең меңгеруге жағдай жасаймын;
– білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оның ішінде округ аумағындағы мектептердің интернет жүйесіне нақты қосылуына, мультимедиялық, лингофондық кабинеттерді жарақтауға ықпал етемін;
– шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жұмысын жандандыруға, оларға жергілікті бюджеттен жеңілдетілген несие беруге қолдау көрсетемін;
– жастарға қолдау көрсетуге, ауылдағы халықтың әл-ауқатын көтеруге, қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздық несиелер алуына жәрдемдесемін;
– сайлау округіне қарасты елді мекендердегі тозығы жеткен көшелерді жөндеуге, абаттандыру жұмыстарына басымдық беремін;
– халықтың әлеуетін арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы аясында несиемен қамтылуына, ауылға инвестиция тартуға күш саламын;
– Қызылқайнар ауылындағы жеке тұрғын үй алқабының электр желісін қайта жаңғыртуға атсалысамын;
– Қызылқайнар, Жасөркен елді мекендеріндегі ескірген электр бағаналарын ауыстыруға көңіл бөлемін;
– Ақжар каналын тазалау және қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге септігімді тигіземін;
– шағын және орта, отбасылық бизнесті дамыту мүмкіндіктерін қарастыруға, мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға, мал шаруашылығы мен жайылым мәселелерін зерделеуге ықпал етемін;
– мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеруге, медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін бақылауға, әлеуметтік осал топтардың мәселелерін шешуге үн қосамын;
– қоқыс жинау және шығару жүйесін жетілдіруге, ауыл көшелерін көгалдандыруға, қоғамдық орындарды абаттандыруға және күтіп ұстауға қолдау көрсетемін.

Құрметті сайлаушылар!
Сіздер мені қолдаған жағдайда білімім мен тәжірибемді, күш-жігерімді ел иігілігі үшін жұмсаймын. Менің мақсатым – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын қарауға, аудандық бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылауға, өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдауға, атқарылған жұмыстар мен қабылданған шешімдер туралы ақпарат беруге атсалысу.

Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Әмірбекова А.Ж.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.