Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жүндібаева Данара Асылбекқызы
№13 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Жүндібаева Данара Асылбекқызы, 1986 жылы 19 ақпанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
2006 жылы Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжін «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша, 2017 жылы Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Қазақ тілі және әдебиет» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2013 жылдың қазанында Жамбыл ауданы аумағында орналасқан «НДФЗ» ЖШС-нде қызметкер болып бастадым. 2014-2016 жылдары аталған мекемеде аспазшы қызметін атқардым. 2025 жылдың 4 шілдесінен бүгінге дейін Шоқай ауылдық клубының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.
Отбасымда төрт бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
Сайлауалды бағдарламасы
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МӘН БЕРЕМІН!
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде Ерназар, Өрнек, Тоғызтарау ауылдық округтерінде тұратын сайлаушыларға сайлауалды бағдарламамды ұсынамын. Аталған ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және қордаланған мәселелердің шешілуіне бар күш-жігерімді жұмсауды мақсат етемін.
Егер сайлаушыларым маған сенім артып, аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, төмендегі бағыттар бойынша жұмыс жүргізуге басымдық беремін:
– Ерназар ауылындағы көшелерді түнгі жарықтандыру мәселесін шешуге ықпал ету, тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына қолайлы жағдай жасау;
– Ерназар ауылдық округіндегі ағынсу мәселесін шешу бағытында тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыс жүргізу, егістік алқаптарын сумен қамтамасыз етуге жағдай жасау;
– Өрнек ауылдық округіндегі каналдарды бетондау жұмыстарын толық аяқтауға қол жеткізуге күш салу, су ысырабын азайтып, шаруалардың егін суару мүмкіндігін жақсартуға ықпал ету;
– ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен қалпына келтіру мәселесін көтеру;
– елді мекендердегі ауызсу, электр энергиясы және басқа да инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың сапалы қызмет көрсетуіне назар аудару;
– инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту және жаңарту жұмыстарына бюджет есебінен қаражат қарастырылуына ықпал ету.
– мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлерге, көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету мәселелеріне басымдық беру;
– әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың өтініштерін назардан тыс қалдырмай, тиісті мекемелерге жеткізу және шешілуіне ықпал ету;
– ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуына, кәсіпкерлік бастамаларының қолдау табуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасауға атсалысу;
– «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы ауыл тұрғындарының жеке кәсібін ашуына, мал және егін шаруашылығын дамытуына қолдау көрсету;
– ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік жобалардың жүзеге асуына ықпал ету.
– Тоғызтарау ауылында саябақ пен тұрғындардың отбасымен бірге демалып, бос уақытын тиімді өткізуіне арналған демалыс орнын салу мәселесін көтеру;
– балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету;
– ауылдарда мәдени-көпшілік, спорттық және патриоттық бағыттағы іс-шаралардың санын арттыруға ықпал ету;
– ауылдық клубтардың материалдық-техникалық базасын нығайту, мәдениет саласының дамуына және ұлттық құндылықтардың насихатталуына көңіл бөлу;
– жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, бастамалары мен ұсыныстарының жүзеге асуына қолдау көрсету;
– елді мекендерді абаттандыру, көшелердің тазалығын сақтау және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаражат бөлінуіне ықпал ету;
– ауылдардың санитарлық тазалығын жақсарту, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарын ретке келтіру мәселелеріне назар аудару;
– балалар ойын алаңдары мен тұрғындардың демалысына арналған қоғамдық орындардың жағдайын жақсартуға күш салу;
Жамбыл ауданының тұрғыны ретінде ауыл адамдарының тұрмысы жақсарып, әрбір елді мекеннің көркейіп, өркендегенін қалаймын. Өйткені ауылдың дамуы – ауданның дамуы, ал тұрғындардың әл-ауқаты – қоғам тұрақтылығының басты көрсеткіші.
Құрметті сайлаушылар!
Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтау, елдің мұң-мұқтажын тыңдау және ортақ мәселелердің шешілуіне атсалысу. Халықпен бірге талқылап, халықпен бірге шешім іздеу – менің негізгі жұмыс қағидам.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Жүндібаева Д.А.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.