Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Балғабаева Сандуғаш Есіркепқызы
№13 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Балғабаева Сандуғаш Есіркепқызы, 1983 жылы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында дүниеге келдім.
2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2010 жылы аудан әкімдігі білім бөлімінің Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектеп жанынан ашылған «Балдырған» шағын орталығының тәрбиешісі болып бастадым. 2017 жылдан бері аудандық білім бөліміне қарасты №1 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарудамын.
Отбасында 5 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Менің міндетім – сайлаушылардың сенімін ақтау
Құрметті сайлаушылар!
№13 сайлау округі бойынша Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде сіздердің сенімдеріңізді артып, ауданымыздың дамуы мен жергілікті халықтың өмір сапасын жақсарту үшін келесі мақсаттар мен міндеттерді алға қойдым:
– әлеуметтік саланы жақсартуға, мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, денсаулық сақтау мекемелерінің жабдықталуын жетілдіруге, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілуіне ықпал етемін;
– инфрақұрылымды дамытуға, көшелер мен жолдарды жөндеуге, жарықтандыруды жақсартуға, тұрғын үй құрылысы мен кезекте тұрған азаматтарға қолдау көрсетуге атсалысамын;
– экологияны жақсартуға, қоршаған ортаны таза ұстауға, қоқыс тазалау және қайта өңдеу жүйелерін жетілдіруге, жасыл аймақтарды көбейтуге, ағаш отырғызу акцияларын ұйымдастыруға үн қосамын;
– халықтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға, құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізуге, қауіпсіздік шараларын күшейтуге, қоғамдық тәртіпті сақтауға қолдау көрсетемін;
– мемлекеттік саясатты қолдау мақсатында оқушыларға білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді және шет тілін терең меңгеруге жағдай жасаймын;
– білім ұяларының материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оның ішінде округ аумағындағы мектептердің интернет жүйесіне нақты қосылуына, мультимедиялық, лингофондық кабинеттерді жарақтауға жәрдемдесемін;
– шағын және орта бизнесті қолдауға, шаруалар мен фермерлік қожалықтардың жұмысын жандандыруға, оларға жергілікті бюджеттен жеңілдетілген несие беруге қолдау көрсетемін;
– жастарға қолдау көрсетуге, ауылдағы халықтың әл-ауқатын көтеруге, қайтарымсыз гранттар мен төмен пайыздық несиелер алуына көмектесемін;
– сайлау округіне қарасты елді мекендердегі тозығы жеткен желілерді жөндеу, көшелерді абаттандыру жұмыстарына басымдық беремін.
Мен сіздердің мәселелеріңізді тыңдап, әрдайым көмек қолын созуға дайынмын. Бірлікте ғана біз өз өңірімізді қуатты әрі гүлденген мекенге айналдыра аламыз. Сіздер менің кандидатурамды қолдасаңыздар деймін. Ал менің міндетім – халыққа қалтқысыз қызмет етіп, сайлаушылардың сенімін ақтау.
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Балғабаева С.Е.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.