Жамбыл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Қосанова Сарбиназ Берсүгірқызы
№10 бірмандаттық аудандық сайлау округі
Өмірбаян
Мен, Қосанова Сарбиназ Берсүгірқызы, 1969 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. Білімім – жоғары.
1977-1984 жылдары Аманөткел ауылында орта мектепте оқыдым. 1984 жылы Тараз қаласына қоныс аударып, №25 орта мектепті бітірдім. 1985-1988 жылдары Жамбыл мәдениет-ағарту училищесінде білім алдым.
1988-1989 жылдары Жамбыл облысы мұғалімдер ағарту үйінде жұмыс істедім. 1989-1994 жылдары Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтына оқуға түсіп, оны «Әуесқой мәдени-ағарту ансамблінің жетекшісі» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1994 жылы Тараз қаласы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте мұғалім, 1995 жылы №2 СПТУ-де мұғалім, 1996-1997 жылдары қалалық мәдениет үйінде методист, 2000-2001 жылдары Каз-Амер жеке мектебінде музыка пәнінің мұғалімі, 2001-2006 жылдары Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінде домбыра мамандығының мұғалімі, 2006-2015 жылдары директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқардым. 2015 жылдан бүгінге дейін аталған мектепте директор қызметін атқарып келемін.
Сайлауалды бағдарламасы
МЕНІҢ БАСТЫ МАҚСАТЫМ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАБЫСЫН АРТТЫРУ
Құрметті сайлаушылар!
Менің басты мақсатым – әділетті қоғам қалыптастырып, ауыл тұрғындарының табысын барынша арттыру. Ол мақсатқа жету үшін төмендегі негізгі бағыттарға тоқталғым келеді:
– аудандағы мәдениет, өнер саласын дамытуға ықпал жасау, сонымен қатар, ауыл жастарын, яғни, жас буынның өнерін халыққа танымал ету – менің алдыма қойған мақсатым. Өскелең ұрпақты жан-жақты, бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуді осы ауылдардан бастау жоспарымда бар;
– ауылдың әлеуметтік нысандары – клуб, мектеп, кітапхананың сапалы жұмыс істеп, жастарға патриоттық тәрбие беруіне, жаман әдеттерге қарсы іс-шаралар мен құқықтық насихаттың көптеп өткізілуіне, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге жағдай жасауға барынша ықпал жасаймын;
– ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануын, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруды, қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдаланып, қолжетімділігін арттыруды мақсат етіп отырмын. Өйткені, дені сау ұрпақ – ел ертеңі, мемлекет келешегі, ауылдың болашақ иелері;
– Аса, Құмтиын ауылдарының көше жарығының тұрақты жұмыс жасауы мен ауызсудың тұрақты берілуіне ықпал етемін;
– жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеңілдетілген несие, гранттарға қол жеткізуіне ақпараттық қолдау жасаймын;
– өз округімдегі жолдардың сапасын қатаң бақылауға аламын;
– Аса, Құмтиын ауылдарындағы көшелерге орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге атсалысамын;
– дәрігерлік емханалар мен медициналық пункттердің ағымдағы жөндеуден өтіп, жабдықталуын жақсартуға, бейінді дәрігерлердің қызметі мен медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға қол жеткіземін;
– «Жасыл ел» жасақтары шеңберінде және «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары аясында жастардың жұмыспен қамтылуына ықпал жасап, жастардың салауатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спорт жарыстарын ұйымдастыруға, қолда бар спорт нысандарын тиімді пайдаланып, қолжетімділігін арттыруға күш саламын.
Осы және басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін өз округімді дамытудың жоспары жасалатын болады. Өз бойымдағы ізгі қасиеттер мен белгілі бір деңгейдегі тәжірибемді пайдалана отырып, өздеріңіздің пікірлеріңізді ескеріп, бірлесе жұмыс жасауға дайынмын.
Құрметті сайлаушылар!
Мен Аса мен Құмтиын ауылдары тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын едәуір арттыру бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін сайлауға қатысамын.
Біз бірге мықты мемлекет құрып, барлық мақсаттарға қол жеткізе алатынымызға сенімдімін!
Тапсырыс беруші: Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қосанова С.Б.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстары
есебінен төленді.
Comments are closed.