№1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Скаков Умиржан Шарипханович
Өмірбаяным
Мен, Скаков Умиржан Шарипханович, 1984 жылы 11 маусымда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келдім.
1990–2001 жылдары Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте білім алдым. 2001–2005 жылдары Тараз қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде білімімді тереңдетіп, тарих және география пәндерінің мұғалімі мамандығын меңгердім.
Еңбек жолымды 2005 жылы туған ауылымдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепте тарих-география пәнінің мұғалімі болып бастадым. Ұстаздық қызметте жүріп, білім беру мен тәрбие саласында мол тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігімді шыңдадым.
2017–2026 жылдары аталған мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым. Осы кезеңде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, білім сапасын арттыру, педагогикалық ұжымның кәсіби дамуын қамтамасыз ету бағытында нәтижелі еңбек еттім.
2026 жылғы 5 маусымнан бастап Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры лауазымына тағайындалдым.
Өмірлік және кәсіби ұстанымым сапалы білім, саналы тәрбие, жауапты басшылық және үздіксіз даму.
Сайлауалды бағдарлама
Бұл бағдарлама Ақкөл және Тамды ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, ауыл инфрақұрылымын жаңарту және жастарға қолайлы орта қалыптастыру бағыттарын қамтитын жоба ретінде ұсынылады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:
Ақкөл және Тамды ауылының тұрақты дамуына жағдай жасау, ауыл тұрғындарының өзекті мәселелерін кезең-кезеңімен шешу, елді мекеннің әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттыру.
1. Ауыл инфрақұрылымын дамыту
Көшелерге жарық шамдарын орнату және қолданыстағыларын жаңарту.
Ауызсу жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Ауыл көшелерін абаттандыру, арықтарды тазалау.
Қоғамдық орындар мен балалар ойын алаңдарын жаңарту.
Қоқыс шығару және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелеу.
2. Білім беру және жастар саясаты
Ауыл мектебінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға қолдау көрсету.
Оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау.
Дарынды оқушыларды қолдау және білім сайыстарына қатысуына мүмкіндік туғызу.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жастарға кәсіптік бағдар беру және жұмыспен қамтуға ықпал ету.
Жастар бастамаларын қолдау.
3. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау
Медициналық пункттің қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуіне қолдау көрсету.
Қарттар мен жалғызбасты азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету.
Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларды қолдау.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру.
4. Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік
Шағын және орта бизнесті дамытуға жағдай жасау.
Ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына ақпараттық қолдау көрсету.
Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға ықпал ету.
Шаруа қожалықтарының мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу.
5. Мәдениет және спорт
Ауылдың мәдени іс-шараларын жандандыру.
Мәдениет үйінің жұмысын жетілдіруге ықпал ету.
Спорт алаңдарын дамыту және жөндеу.
Ұлттық салт-дәстүр мен тарихи құндылықтарды дәріптеу.
6. Экология және ауыл тазалығы
«Таза ауыл» экологиялық акцияларын тұрақты өткізу.
Ағаш отырғызу және жасыл желекті көбейту.
Елді мекеннің тазалығы мен көркеюіне қоғамдық бақылауды күшейту.
7. Ашықтық және халықпен байланыс
Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.
Ауыл тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін назарда ұстау.
Ауыл бюджетін тиімді әрі ашық пайдалануға ықпал ету.
Атқарылған жұмыстар туралы халыққа тұрақты есеп беру.
Әрбір маңызды мәселені тұрғындармен ақылдасып шешу.
8. Құқықтық сауаттылық және қоғамдық қауіпсіздік
Ауыл тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына ықпал ету.
Құқық бұзушылықтың, алаяқтықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды қолдау.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіпті учаскелерді ретке келтіру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Ауыл аумағындағы қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін нығайтуға атсалысу.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына назар аудару.
Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру.
Тапсырыс беруші: №1 бірмандаттық сайлау округі бойынша Талас аудандық
мәслихатының депутатығына кандидат Скаков У.Ш.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.