№7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Нуркенов Берик Султанович
Өмірбаяным
Құрметті жерлестер!
Мен, Нуркенов Берик Султанович, 1968 жылғы 23 шілдеде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Байқадам ауылында дүниеге келдім.
1991 жылы Алматы қаласындағы Қазақ спорт академиясын «Мұғалім-жаттықтырушы» мамандығы бойынша, ал 2008 жылы Тараз қаласындағы «Қайнар» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1991 жылы Сарысу аудандық білім бөлімінің Б. Адамбаев атындағы орта мектебінде жаттықтырушы қызметінен бастадым. Кейін құқық қорғау саласында ұзақ жыл еңбек етіп, кәсіби тәжірибе жинақтадым.
1993–1995 жылдары Сарысу аудандық полиция бөлімінде учаскелік инспектор, 1995–2003 жылдары қылмыстық іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі, 2003–2004 жылдары әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы қызметтерін атқардым. 2004–2005 жылдары Сарысу аудандық полиция бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары, 2005–2010 жылдары бірінші орынбасары болдым. Ал 2010–2014 жылдары Сарысу аудандық полиция бөлімін басқардым.
2015–2025 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің білім бөліміндегі Балалар шығармашылық орталығының директоры қызметін атқардым. 2025–2026 жылдары Жаңатас қалалық аула клубының директоры болдым. 2026 жылдың сәуір айынан бастап Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубының директоры қызметін атқарып келемін.
Көпжылдық еңбек тәжірибемде қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өскелең ұрпақты спортқа баулу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық тұрақтылықты нығайту бағыттарында жұмыс істедім. Қай салада қызмет атқарсам да, ашықтықты, жауапкершілікті және халықпен тығыз байланысты басты ұстанымым етіп келемін. Тұрғындармен тұрақты араласып, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелердің шешілуіне барынша атсалыстым.
Алдағы депутаттық сайлауға қатысуымды ел алдындағы жауапкершілікті арттырудың және көпжылдық тәжірибемді туған өлкемнің игілігіне жұмсаудың маңызды мүмкіндігі деп санаймын. Егер сайлаушылар маған сенім білдірсе, халықтың мүддесін қорғап, тұрғындарды толғандырған мәселелерді тиісті деңгейде көтеріп, олардың оң шешімін табуына ықпал етуге бар күш-жігерімді саламын. Мен үшін басты құндылықтар – халық сенімі, тұрақтылық, әділдік және нақты іс.
Сайлауалды бағдарлама
2026–2031 жылдарға арналған нақты міндеттемелерім Сарысу ауданы, Жаңатас қаласының Бүркітті, Дегерес, Космонавт шағынаудандары, саяжайлар мен өндірістік аймақ тұрғындарын толғандыратын мәселелер маған жақсы таныс. Бұл аумақтардың тыныс-тіршілігін, қордаланған проблемаларын және оларды шешу жолдарын білемін. Сондықтан алдағы уақытта депутат ретінде осы бағыттардағы жұмыстарға басымдық беріп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға күш саламын.
1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесе отырып шешуге ықпал етемін. Атап айтқанда, сумен жабдықтау, электр энергиясы, жылу жүйесі, кәріз желілері және басқа да коммуналдық қызметтердің сапасына назар аударамын. Әрбір шағынаудан мен елді мекеннің қажеттілігі ескеріліп, тұрғындар көтерген мәселелердің шешілуіне депутаттық сауалдар мен тиісті ұсыныстар арқылы ықпал етуге күш саламын. Инфрақұрылымды дамытуда халықтың нақты сұранысы басты назарда болады.
2. Қоршаған ортаны қорғау және тазалық мәдениетін қалыптастыру
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, елді мекендерде тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруға атсалысамын. Көшелерді, қоғамдық орындарды, саябақтар мен саяжай аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтардың уақтылы шығарылуы мәселелерін назарда ұстаймын. Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Негізгі мақсатым – Жаңатасты таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыруға үлес қосу.
3. Жастарды қолдау және олардың әлеуетін дамыту
Жастар мәселесі – менің негізгі жұмыс бағыттарымның бірі. Қала әкімдігімен және тиісті мекемелермен бірлесе отырып, мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына ықпал етемін. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдап, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген қаржыландыру тетіктері туралы ақпараттың қолжетімді болуына атсалысамын. Сонымен қатар олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық жарыстар, мәдени-көпшілік және қоғамдық іс-шаралар өткізу, жастар ұйымдарының тың идеяларын қолдау бағытындағы жұмыстарға басымдық беремін. Жастардың қабілетін ашуға, бастамаларын жүзеге асыруға және қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасауға күш саламын.
4. Қауіпсіздік және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру
Тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелердің шешілуіне ерекше көңіл бөлемін. Атап айтқанда, көшелерді жарықтандыру, жолдардың сапасын жақсарту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаяу жүргіншілер жолақтарын ретке келтіру, балалар ойын алаңдарын салу және жөндеу мәселелерін тиісті органдар алдында көтеремін. Сондай-ақ таза ауыз сумен қамтамасыз ету, қоғамдық орындардың жағдайын жақсарту және балалар мен қарт адамдар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды назарда ұстаймын. Әрбір тұрғынның алаңсыз әрі жайлы өмір сүруі – басты міндеттерімнің бірі.
5. Тұрғындармен ашық байланыс және қоғамдық бақылау
Депутаттық қызметтің басты өлшемі – халықтың сенімі мен нақты нәтиже деп білемін. Сондықтан тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауды жұмысымның маңызды бөлігіне айналдырамын. Көтерілген мәселелердің орындалу барысын бақылап, шешімін таппаған түйткілдерді тиісті мекемелер мен мемлекеттік органдар алдында жүйелі түрде көтеремін. Әрбір бастаманың орындалу барысы туралы тұрғындарға ашық ақпарат беріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға күш саламын.
Мен Жаңатас қаласының тыныс-тіршілігін, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді және оларды шешудің жолдарын жақсы түсінемін. Құқық қорғау, білім беру және спорт салаларындағы көпжылдық еңбек тәжірибемді ел игілігіне жұмсауға дайынмын. Ең бастысы, тұрғындардың пікірін ескеріп, ортақ іске бірлесе атсалысу қажет деп санаймын.
Құрметті жерлестер!
Қоғамда жаңа саяси күшке айналған «Әділет» партиясының атынан сайлауға түсе отырып, партияның негізгі міндеттемелерін орындау үшін аянбай еңбек етемін. Қаламыздың жарқын болашағы мен жасампаз істерін одан әрі жалғастырып, өз округіме қарасты аймақтардың дамуына үлес қоса беремін.
Партияның саяси платформасы іргелі құндылықтарға: Әділдік, Патриотизм, Жауапкершілік, Еңбекқорлық және Өрлеуге сүйенеді, олар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының нақты іс-әрекеттері мен нәтижелерінен көрініс табады. Осы ретте, сайлауда басты қағидаларды сақтай отырып, тұрғындардың талап-тілектерін тыңдауға дайын екенімді жеткізгім келеді.
Тапсырыс беруші: № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Нуркенов Б.С.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан
жабылатын шығыстары есебінен төленді.
Comments are closed.