Ауылды өркендету жолында күш біріктірейік! — arainews.kz

Ауылды өркендету жолында күш біріктірейік!

3

№10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
Жолшыбеков Какимжан Купбаевич

Өмірбаяным

Құрметті жерлестер!

Мен, Жолшыбеков Какимжан Купбаевич, 1981 жылдың 8 қыркүйегінде Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
1987-1998 жылдар аралығында Сарысу атындағы орта мектебінде білім алдым. 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 2001 жылы аудандық мәдениет үйінде сүйемелдеуші болып бастадым. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Ұ.Сыздықбайұлы атындағы ауылдық клубтың меңгерушісі қызметін атқарып келемін.
2026 жылдың 14 маусымынан бастап «Әділет» партиясының мүшесімін. Отбасымда 3 ұл, 1 қыз тәрбиелеп отырмын.

Сайлауалды бағдарлама

Қадірлі сайлаушылар!

Туған жердің өркендеуі мен ауылдың әлеуетін арттыру – баршамызға ортақ міндет. Өйткені ауылдың жағдайы – елдің жағдайы, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы – қоғам дамуының маңызды көрсеткіші. Сондықтан әрбір елді мекеннің тыныс-тіршілігіне бейжай қарамай, тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуге атсалысу азаматтық жауапкершілікті талап етеді.
Бүгінде еліміздегі қоғамдық сенімге ие «Әділет» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түсіп отырмын. Бұл қадамның үлкен жауапкершілік жүктейтінін жақсы түсінемін. Депутат болу – тек халықтың сеніміне ие болу емес, сол сенімді ақтап, елдің игілігі үшін табанды еңбек ету. Жинақтаған тәжірибем мен білім-білігімді туған өлкемнің дамуына, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағыттауды мақсат етемін.
Осы орайда ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған сайлауалды бағдарламамды назарларыңызға ұсынамын.

1. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру және кәсіпкерлікті дамыту

Ауылдың тұрақты дамуы ең алдымен тұрғындардың табысы мен экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан ауыл халқының өз кәсібін ашып, отбасылық табысын арттыруына жағдай жасауға басымдық беремін.
Осы мақсатта «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңінен түсіндіруге және ауыл тұрғындарының қаржыландыруға қол жеткізуіне ықпал етемін. Әсіресе мал шаруашылығын, егіншілікті, шағын өндірісті, қызмет көрсету саласын және ауылдық кәсіпкерліктің өзге де бағыттарын дамытуға ниетті азаматтарға қолдау көрсетудің маңызын назарда ұстаймын.
Сонымен қатар кәсіп бастауға ниетті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы ақпараттың қолжетімді болуына, құжат рәсімдеу кезінде қажетті кеңестер берілуіне атсалысамын. Жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларын қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеуді жолға қою, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай жасау мәселелерін тұрақты көтеремін.

2. Ауылдардың жолын, абаттандыру және балаларға арналған инфрақұрылымды жақсарту

Ауылдың көркі – оның таза көшесі, жөнделген жолы, жарықтандырылған қоғамдық орны мен тұрғындарға қолайлы ортасы. Осы бағытта Ұ.Сыздықбайұлы және Ақтоғай ауылдарының инфрақұрылымын жақсартуға ерекше мән беремін.
Аталған ауылдардағы жөндеуді қажет ететін көшелерге асфальт төсеу мәселесін көтеріп, тиісті жобалардың әзірленуі мен қаржыландырылуына ықпал етемін. Жол сапасын жақсарту тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, жедел жәрдем, өрт сөндіру және өзге де арнайы қызметтердің кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіз әрі қызықты ортада демалуы үшін заманауи ойын алаңшаларын салу мәселесіне басымдық беремін. Ойын алаңдарының сапалы жабдықталуы, қауіпсіздік талаптарына сай болуы және тұрғындарға қолайлы жерлерде орналасуы маңызды. Ауыл жастары мен балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау – келешек ұрпақтың саулығы мен дамуына салынған инвестиция.

3. Ауыл тазалығы мен экологиялық ахуалды жақсарту

Таза әрі көрікті ауыл – тұрғындардың ортақ еңбегі мен жауапкершілігінің нәтижесі. Сондықтан елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру жұмыстарын жүйе- лі жүргізуге күш саламын.
Атап айтқанда, көшелер мен қоғамдық орындарға қоқыс жәшіктерін орнату, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға уақытылы шығару, заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселелерін көтеремін. Қоқыс полигондарының талапқа сай жұмыс істеуіне және тазалық жұмыстарының тұрақты жүргізілуіне назар аударамын.
Сонымен қатар көше бойларына ағаш отырғызу, жасыл желектерді көбейту, оларды күтіп-баптау жұмыстарын жандандыру қажет деп санаймын. Ауылдың орталық көшелерінде жауын-шашын және ағын сулардың жиналуын болдырмау үшін арнайы су ағар науаларын (лотоктар) жүргізу мәселесін де күн тәртібінен түсірмеймін.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тұрғындар, жастар және қоғамдық ұйымдардың қатысуымен сенбіліктер мен көгалдандыру шараларын ұйымдастыруға бастамашы боламын. Өйткені туған жердің тазалығы мен табиғатын сақтау – келер ұрпақ алдындағы ортақ міндетіміз.

4. Елді мекендерді газдандыру және инженерлік инфрақұрылымды дамыту

Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруда табиғи газдың қолжетімді болуының маңызы зор. Газдандыру – халықтың күнделікті тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық ахуалды жақсартуға және ауылдардың әлеуметтік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін маңызды инфрақұрылымдық бағыт.
Осыған байланысты ауданның газ тартылмаған елді мекендерін көгілдір отынмен қамту мәселесін тұрақты назарда ұстаймын. Жоспарланған құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде басталып, сапалы аяқталуына, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуіне және орындалған жұмыс- тардың талапқа сай болуына депутаттық бақылау аясында ықпал етемін.
Сонымен бірге газ құбырларын жүргізу кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі мен техникалық талаптардың сақталуына мән беремін. Инженерлік инфрақұрылымды дамыту мәселесінде халықтың сұранысы мен елді мекендердің қажеттілігі ескерілуі тиіс деп есептеймін.

Менің басты ұстанымым

Мен үшін ең басты құндылық – халықтың сенімі. Әр тұрғынға әділ қарау, әр ауылдың жағдайын ескеру, елдің талап-тілегін тыңдау және ортақ мүдде жолында еңбек ету – өмірлік ұстанымым.

Қадірлі жерлестер!

Ауыл – қазақтың алтын бесігі, ұлттың рухани тірегі. Ауылдың еңсесі биік, тіршілігі берекелі болса, еліміздің де іргесі берік болады. Сондықтан «Әділет» партиясының ауылды өркендету, халықтың әл-ауқатын арттыру және әділетті қоғам қалыптастыру бағытындағы бастамаларын қолдай отырып, ортақ мақсат жолында күш біріктірейік!

Тапсырыс беруші: №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Сарысу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жолшыбеков К.К.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.