Әр тұрғынның үні – өңір дамуының негізі! — arainews.kz

Әр тұрғынның үні – өңір дамуының негізі!

3

№4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Карабеков Алтай Заутбекович

Өмірбаяным

Мен, Карабеков Алтай Заутбекович 1972 жылы 27 наурызда Қазақ ССР, Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келдім.
Білімім жоғары. 1991 жылы Гидромелиоративтік техникумын «Су шаруашылығы жүйелерін автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмәмдадым. 1996 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Еңбек және бизнес негіздері» мамандығы бойынша аяқтадым.
Алғашқы еңбек жолымды 1997-2005 жылдар аралығында кәсіпкерлік саладан бастап, Жамбыл облысындағы «Шымкент Май» ЖШС филиалы дилері ретінде қызмет еттім.
2005 жылы «Жамбыл Дизайн» ЖШС және 2011 жылдан бері «Ауыл-Береке» ЖШС құрылтайшысымын.
2019 жылдан бастап «Тараз көтерме тарату орталығы» ЖШС құрылтайшы қызметін атқарудамын.
2026 жылы «Әділет» партиясының қатарына қабылдандым.
Әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік, сондай-ақ, облыстық деңгейдегі марапаттармен мадақталдым.
Отбасында 5 бала тәрбиелеп отырған әкемін.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті сайлаушылар!

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларда айқындап берген Әділдік, Заң мен Тәртіп, жауапты патриотизм, өрлеу мен келісім жолын басшылыққа ала отырып, оны өздеріңізбен бірге жүзеге асыру үшін алдағы сайлауға Бірмандатты №4 сайлау округі бойынша «Әділет» партиясынан кандидат ретінде тіркелдім. Бұл сайлаудың зор жауапкершілігін сезінгендіктен де өзімнің бағымды, іскерлігімді саясат алаңында сынап, халқыма адал қызмет етуді мақсат еттім.
Біздің басты ұстанымымыз – орындалмайтын уәделер беру тәжірибесін жою және біліктілік пен нәтиже үшін жауапкершілікке негізделген тиімді басқару ортасын қалыптастыру.
Депутаттыққа сайлану үлкен жауапкершілік жүктейді. Мәслихаттың қоғамымызда алатын орны ерекше. Ол елімізді әлеуметтік-экономикалық дамыту мен демократияландыруда маңызды рөл атқарады.
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат болуыма орай «Әділет» партия- сының 2026-2031 жылдарға арналған Сайлау- алды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың Тараз қаласы бойынша жүзеге асырылуына, өз деңгейінде әрі мерзімінде орындалуына ықпал жасаймын.
Менің мақсатым – тұрғындардың мүддесін Жамбыл облыстық мәслихатында лайықты қорғау, өзекті мәселелерді облыстық деңгейде көтеру, оларды өңірлік даму жоспарлары мен бюджетке енгізуге ықпал ету және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау.

1. Жол және көлік инфрақұрылымы

— Жөндеуді қажет ететін көшелер мен жол учаскелерін анықтап, оларды жөндеу жұмыстарын облыстық және қалалық жоспарларға енгізуге ықпал ету.
— Жаяу жүргіншілер жолдарының қауіпсіздігін жақсарту және қолжетімді орта қалыптастыру.
— Қоғамдық көлік бағыттары мен қозғалыс кестесіне қатысты тұрғындардың ұсыныстарын тиісті органдарға жеткізу.
— Аялдамалардың жай-күйін, жарықтандырылуын және қолжетімділігін жақсарту мәселелерін көтеру.
— Теміржол вокзалына апаратын жолдар мен оған іргелес аумақтағы көлік қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу.

2. Инженерлік желілер және коммуналдық қызметтер

— Ауызсу, кәріз, электр, газ және басқа инженерлік желілерге қатысты өзекті мәселелерді жүйелі түрде көтеру.
— Ескірген желілерді жаңғыртуға және апаттардың алдын алуға бағытталған жобаларды қолдауға ықпал ету.
— Коммуналдық қызметтердің сапасы мен үздіксіздігіне қатысты тұрғындардың өтініштерін жауапты ұйымдармен бірлесіп қарастыру.

3. Аулалар, тазалық және қауіпсіз орта

— Көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңдарының жағдайын жақсарту мәселелерін көтеру.
— Қоқыс жинау орындарының жағдайын, қалдықтарды уақытылы шығару және заңсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелерін бақылау.
— Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен қарт адамдар үшін қоғамдық орындардың қолжетімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

4. Білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау

— Халық саны мен сұранысқа сәйкес мектептер мен балабақшалардың қажеттілігі туралы мәселелерді облыстық деңгейде көтеру.
— Балалар мен жастардың спортпен және шығармашылықпен айналысуына арналған инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету.
— Әлеуметтік осал топтарға мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігіне қатысты мәселелерді назарда ұстау.

5. Теміржол вокзалы аумағын дамыту

Теміржол вокзалы – қалаға келушілер мен жергілікті тұрғындар үшін маңызды көлік нысаны. Осы аумақта:

* Жолаушылардың вокзалға қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуіне жағдай жасау мәселелерін көтеру;
* Вокзал маңындағы жол қозғалысын, аялдамаларды және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
* Көше жарығы, санитарлық тазалық және қоғамдық тәртіп мәселелерін жауапты органдармен бірлесіп қарастыру;

6. Тұрғындардың мүддесін облыстық деңгейде қорғау

* Облыстық бюджет пен өңірлік даму бағдарламаларын қарау кезінде округ үшін маңызды жобаларды қолдау.
* Қажет болған жағдайда депутаттық сауалдар мен ұсыныстар жолдау.
* Облыс әкімдігі мен жауапты басқармалардың алдына тұрғындар көтерген мәселелерді қою.

Менің ұстанымым

Халықпен ашық диалог. Нақты мәселелер. Жауапты жұмыс. Қоғам алдындағы есептілік. «Тайвань», «Алатау», «Талас», «Жайлау», «Салтанат» шағынаудандары мен теміржол вокзалы аумағының тұрғындарына қолайлы, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын. Әр тұрғынның үні – өңір дамуының негізі! Баршаңызды сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышыңызды орындауға және дұрыс таңдау жасауға шақырамын!

Тапсырыс беруші: №4 бірмандаттық облыстық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Карабеков А.З.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.