Нақты іс – басты ұстаным — arainews.kz

Нақты іс – басты ұстаным

2

№13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат
АЙМАХАНОВ МАКСАТ ТЕМИРБАЕВИЧ

Өмірбаяным

Мен, Аймаханов Максат Темирбаевич, 1981 жылғы 23 қазанда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қызыләуіт ауылында дүние- ге келдім.
Білімім – жоғары. 2005 жылы «Орталық-Азия» университетін «Тарих және гео- графия пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірдім.
2006–2007 жылдары Қазақстан Респуб- ликасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышымды өтедім.
2010 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолым:
1999–2006 жылдары «Бекен» шаруа қожалығында жұмысшы болып еңбек еттім.
2007–2019 жылдары Қазақстан Респуб- ликасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы Полиция департаментінің Талас аудандық полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы қызметін атқардым. Қазіргі уақытта запастағы полиция майорымын, Талас ауданы полиция ардагерлері ұйымының мүшесімін.
2020 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты «№4 Үміт арнайы мектеп-интернаты» КММ-де тәрбие- ші болып жұмыс істедім.
2021 жылы аталған білім беру мекемесінде география пәнінің мұғалімі қызметін атқардым.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласындағы «№4 Үміт арнайы мектеп-интернаты» КММ-де география пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп келемін.

Сайлауалды бағдарлама

Құрметті тұрғындар, қадірлі жерлестер!

Қоғамның дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен халықтың әл-ауқатына, азаматтардың құқықтарының қорғалуына, әлеуметтік мәселелердің шешілуіне және өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына байланысты. Қызметтік жолымдағы тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, қоғамдық мәселелерді шешуге, тұрғындардың ұсыныстарын тиісті орындарға жеткізуге және жергілікті жердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуға бағытталған төмендегі басымдықтарды ұсынамын.

1. Заң үстемдігі және қоғамдық қауіпсіздік

— Қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың күшеюіне ықпал ету;
— Құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындар арасында құқықтық түсіндіру жұмыс- тарын жандандыру;
— Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тәрбие- лік іс-шараларды қолдау.

2. Білім беру және жас ұрпақ тәрбиесі

— Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарды қолдау;
— Мектептердің оқу кабинеттерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал ету;
— Ауылдық жерлердегі балалардың сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту;
— Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға және шығармашылық бастамаларын қолдауға жағдай жасау;
— Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдас- тыру үшін спорттық, мәдени және танымдық үйірмелердің қолжетімділігін арттыру.

3. Әлеуметтік қолдау және осал топтарға көмек

— Әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылардың мәселелерін зерделеп, тиісті мекемелерге жеткізу;
— Мүгедектігі бар азаматтарға арналған кедергісіз ортаны қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды бақылауға алу;
— Қоғамдық ғимараттарда, көшелер мен әлеуметтік нысандарда пандустар мен қолжетімді инфрақұрылымның болуына назар аудару.

4. Жастар саясаты және спортты дамыту

— Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына ықпал ету;
— Жас кәсіпкерлерге арналған ақпараттық және кеңестік қолдауды күшейту;
— Жастардың қоғамдық өмірге араласуына және азаматтық бастамаларына қолдау көрсету;
— Спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
— Аула клубтары мен спорттық секциялардың қолжетімділігін арттыру;
— Жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу жұмыстарын жандандыру.

5. Инфрақұрылымы және тұрмыс сапасы

— Көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жетілдіру;
— Қоғамдық көлік қозғалысының қолжетімділігі мен сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу;
— Балалар алаңдары мен демалыс орындарын күтіп ұстауға назар аудару.

6. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау

— Жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жергілікті бастамаларды қолдау;
— Жастар мен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау мүмкіндіктерін кеңейту;
— Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді зерделеу;
— Жергілікті өндіріс пен отандық өнімді өндірушілердің бастамаларына қолдау көрсету.

7. Экология және қоршаған ортаны қорғау

— Қала мен елді мекендердегі тазалық жұмыс- тарын жүйелі жүргізу жөніндегі бастамаларды қолдау;
— Заңсыз қоқыс орындарының пайда болуына жол бермеу мәселесін көтеру;
— Ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жандандыру;
— Тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру;
— Балалар мен жастарды табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Құрметті жерлестер!

Мен үшін депутаттық қызмет – лауазым немесе мәртебе емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Білім беру мен құқық қорғау салаларында жинаған тәжірибемді қоғамдық мәселелерді шешуге бағыттауды маңызды міндет санаймын.
Әрине, кез келген мәселе бір күнде шешілмейді. Дегенмен, оның шешілуіне ықпал ету, тиісті орындарға жеткізу, орындалуын бақылау және нәтижесін халыққа жеткізу – депутаттың негізгі міндеттерінің бірі.

Тапсырыс беруші: №13 бірмандаттық аумақтық сайлау округі
бойынша Талас аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Аймаханов М.Т.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.