Мәдениеті өркендеген өңір – мүмкіндігі мол қоғам — arainews.kz

Мәдениеті өркендеген өңір – мүмкіндігі мол қоғам

3

№17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат
Абдрахманов Нұрсұлтан Қойшыманұлы

Өмірбаяным

Мен, Абдрахманов Нұрсұлтан Қойшыманұлы, 1991 жылғы 31 желтоқсанда Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Жақсылық ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ.
1998 жылы Қ. Сұлтанбеков атындағы орта мектепке қабылданып, 2007 жылы аталған мектепті бітірдім.
2007-2010 жылдары Тараз политехникалық колледжінде «Қаржы» мамандығы бойынша білім алып, қаржыгер біліктілігін иелендім. 2015 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алдым.
Еңбек жолымды 2010 жылдың тамыз айында Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында есепші қызметінен бастадым.
2011-2014 жылдар аралығында Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде маман болып қызмет атқардым.
2014-2016 жылдары аталған мекемеде аға әдіскер;
2016-2021 жылдары аудандық мәдениет үйінің заңгері;
2021-2022 жылдары аталған мекеменің бас есепшісі қызметіне тағайындалдым.
2024-2025 жылдары аудандық мәдениет үйінің администраторы;
2025 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйі директорының орынбасары қызметін атқарып келемін.
Еңбек жолым барысында қаржы және мәдениет салаларында кәсіби тәжірибе жинақтап, біліктілігімді арттырдым.

Бағдарламаның басым бағыттары

Мен мәдениет саласында еңбек ете жүріп, ауыл-аймақтың тыныс-тіршілігін, тұрғындардың талап-тілегін, өнер мен руха- нияттың қоғам өміріндегі маңызын жақсы түсінемін. Мәдениет – тек концерт пен мерекелік шаралар өткізу емес. Ол – ұлттың болмысын сақтайтын, ұрпақтың танымын қалыптастыратын, қоғамды біріктіретін маңызды сала.
Облыстық мәслихат депутаты ретінде өңірдің мәдени-рухани әлеуетін арттыруға, ауылдық жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешуге және жастардың дамуына мүмкіндік туғызуға атсалысуды мақсат етемін.
Атап айтқанда:

1) Ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың материалдық-техникалық базасын жаңарту мәселесін көтеру;
— Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбекақысы мен кәсіби мәртебесін арттыруға ықпал ету;
— Жас таланттарды анықтап, олардың облыстық, республикалық байқауларға қатысуына қолдау көрсету;
— Өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, тарихи орындарды сақтау және оларды туризммен ұштастыру.

2) Ауылдардағы жол, ауызсу, электр энергиясы және интернет сапасын жақсарту мәселелерін тұрақты бақылауда ұстау;
— Шалғай елді мекендердегі медициналық пунктер мен әлеуметтік нысандардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету;
— Ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау үшін спорт және мәдениет нысандарын дамыту;
— Ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті, отбасылық кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру;
— Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныс- тарын жинақтап, жергілікті атқарушы органдар алдында нақты мәселелерді көтеру.

3) Жас мамандарды ауылдық жерлерге тарту және олардың тұрақтап қалуына жағдай жасау;
— Жастардың қоғамдық бастамалары мен еріктілік қозғалыстарын дамыту;
— Жұмыссыз жастарды еңбек нарығына бейімдеу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын күшейту.

4) Ауыл мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және цифрлық білім беру мүмкіндіктерін кеңейту;
— Мектептерде ұлттық құндылықтарды, өлкетану мен өнерді дәріптейтін тәрбиелік жобаларды дамыту;
— Балалардың мектептен тыс қосымша білім алуына, өнер және спорт үйірмелеріне қатысуына жағдай жасау.

5) Ауылдардағы спорт алаңдары мен жаттығу залдарын салу, қолданыстағыларын жөндеу мәселесін көтеру;
— Балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін спорт секцияларының санын арттыруға ықпал ету;
— Бұқаралық спорттық жарыстар мен отбасылық спорттық іс-шараларды дамыту;

6) Экология және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту:
— Ауылдар мен елді мекендердің тазалығын сақтау, тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығаруды бақылау мәселесін көтеру;
— Көшелер мен қоғамдық орындарды көгалдандыру, ағаш отырғызу және жасыл аймақтарды көбейту бастамаларын қолдау;
— Су арналары мен арықтарды тазалау, су басу қаупінің алдын алу шараларын күшейтуге ықпал ету;
— Қоршаған ортаны қорғау және экология- лық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы қоғамдық жобаларды дамыту.
7) Әлеуметтік қолдау және отбасы құндылықтарын нығайту:
— Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру мәселесін көтеру;
— Ана мен баланы қорғау, отбасы құндылықтарын дәріптеу бағытындағы бастамаларды қолдау;
— Әйелдердің кәсіпкерлікке және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік туғызатын жобаларды қолдау;
— Ардагерлер мен еңбек адамдарының тәжірибесін жас ұрпаққа насихаттауға бағытталған іс-шараларды дамыту.

Мәдениеті дамыған, жастарына мүмкіндік берген, ауылына жағдай жасаған және әрбір азаматының мүддесі ескерілетін өңір қалыптастыруға үлес қосу – менің басты мақсатым.

Тапсырыс беруші: № 17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша
Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Абдрахманов Н.Қ.
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын
шығыстары есебінен төленді.

Comments are closed.