Искаков Бейсенбек Елеукенович
Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» ШЖҚ КМК директорының орынбасары

1964 жылы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген;
1986 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институты «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
1986-1988 жылдары Жаңа-Тұрмыс қой совхозының техника қауіпсіздігі инженері Жамбыл облысы, Красногор ауданы;
1988-1990 жылдары Жаңа-Тұрмыс қой совхозының комсомол жастар ұйымының жетекшісі Қордай ауданы;
1990-1992 жылдары Георгевка былғары комбинатының автогараж механигі, Қордай ауданы;
1992-1993 жылдары Георгевка былғары комбинатының автогараж меңгерушісі, Қордай ауданы;
1993-1995 жылдары Георгевка былғары комбинатының қосалқы мал шаруашылығының меңгерушісі, Қордай ауданы;
1995-1998 жылдары Қазақстан Орта Азия кәсіпкері «Жібек-Жолы» компаниясының өндірістік директоры;
1998-2006 жылдары «Идеал» ЖАҚ коммерциялық директоры;
2006-2009 жылдары «Ысқақ» асыл тұқымды шаруа қожалығының төрағасы, Талас ауданы;
2009 жылы Мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек – Тараз» мекемесінің механик-инженері;
2010 жылы «Марлен и К» ЖШС бас механигі;
2010-2011 жылдары «Қасқыр SECURITY» ЖШС ауысым басшысы, Тараз қаласы;
2012-2014 жылдары «Ежелгі Тараз тарихи – мәдени ескерткіштер қорық мұражайының» шаруашылық меңгерушісі;
2014-2017 жылдары Талас ауданы әкімдігінің «Таза- қала» ШЖҚ КМК директорының өндірістік орынбасары;
2017 – 2021 жылдары Талас ауданы әкімдігінің «Таза — талас» ШЖҚ КМК-ның өндірістік инженері;
2022 жылдың қыркүйек айынан бастап Талас ауданы әкімдігінің «Игілік» ШЖҚ КМК-ны директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Құрметті жерлестер, қадірлі ағайын!
Бүгін сіздердің алдарыңызға ауданымыздың болашағына бейжай қарамайтын азамат ретінде келіп отырмын.
Мен, Искаков Бейсенбек Елеукенұлы, «Әділет» партиясының атынан Талас аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ретінде халықтың мүддесін қорғауды өзіме үлкен жауапкершілік деп санаймын.
Менің басты мақсатым – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға, ауданымыздың дамуына және қоғамдағы әділеттілікті нығайтуға үлес қосу.
Бағдарламам бес негізгі бағытты қамтиды.
Біріншісі – халықтың әлеуметтік қорғалуын күшейту. Зейнеткерлерге, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі керек. Әрбір адамның мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс.
Екіншісі – білім мен жастар саясаты. Жастардың сапалы білім алуына, мамандық меңгеруіне және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау – болашағымызға салынған инвестиция.
Үшіншісі – ауылдық елді мекендерді дамыту. Ауылдарымыздың инфрақұрылымын жақсарту, жол, ауыз су, жарық және басқа да тұрғындарға қажетті мәселелердің шешілуіне ықпал ету маңызды.
Төртіншісі – кәсіпкерлік пен жаңа мүмкіндіктер. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдап, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау қажет.
Бесіншісі – қоғамдық бірлік және заңдылық. Заң бәріне ортақ болуы керек. Әр азаматтың құқығы мен мүддесі қорғалатын, қоғамда өзара сыйластық пен әділдік орныққан орта қалыптастыру – ортақ міндетіміз.
Құрметті ағайын!
Мен үшін халықпен байланыс – ең басты қағида. Тұрғындардың ұсынысын тыңдап, өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуге күш саламын.
Депутат болу – атақ емес, халық алдындағы жауапкершілік. Сондықтан әрбір істің нәтижесіне мән беруіміз керек.
Халық мүддесі – басты мақсатым!
Әділетті қоғам – ортақ мұратымыз!
Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке, елімізге тыныштық тілеймін!
Рақмет!
Comments are closed.