«Қарттарым, аман-сау жүрші» — arainews.kz

«Қарттарым, аман-сау жүрші»

43

1 қазан – Қарттар күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман-сау жүрші» құрмет кеші өтті.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері орталықтағы қарияларға ізгі тілектерін арнап, жүрекке жылы әуезді әндер орындады. Әсем ән мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған музыкалық тартулар қарттардың көңілінен шығып, кеш ерекше әсерлі өтті.

Шара барысында ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталарға деген құрмет сөздері айтылып, өнегесі кейінгі ұрпақ үшін қашанда қымбат екені атап өтілді.

Қарттарымыз аман болсын! Ақ баталарыңыз бен өнегелі сөздеріңіз ұрпаққа әрдайым жол көрсетсін!

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.