Таразда қалалық Жайдарман ойындарының 1/8 финалы өтті - arainews.kz

Таразда қалалық Жайдарман ойындарының 1/8 финалы өтті

9

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі  «Жастар ресурстық орталығы» КММ қолдауымен Тараз қалалық Жайдарман ойындарының 1/8 финалдық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған ойынға қала жастарының шығармашылық әлеуетін танытатын 14 команда қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар әзіл мен тапқырлықты ұштастыра отырып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, көрермендерге мазмұнды әрі әсерлі қойылымдар ұсынды.

Ойын барысында командалар сахналық мәдениетімен, актерлік шеберлігімен және тың әзілдерімен ерекшеленіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әрбір команда өздерінің шығармашылық ізденістері мен ерекше стилін көрсетіп, тартысты бәсекеге жол ашты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қоғамдық белсенділігін арттыру және қазақ тіліндегі әзіл-сықақ өнерін насихаттау болып табылады.

Тараз қалалық Жайдарман ойындары жастар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайтып, талантты жастардың өзін-өзі дамытуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды алаң ретінде өз жалғасын табуда. 1/8 финал қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар келесі кезеңге жолдама алды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.