Жамбыл облысында 1,7 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды - arainews.kz

Жамбыл облысында 1,7 мыңнан астам азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды

8

2026 жылдың басынан бері Жамбыл облысында 1 746 азамат «Жеке менеджер» қызметін пайдаланды. Бұл сервис мемлекеттік қызметтерді кезексіз алып, құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде жеке сүйемелдеумен қызмет алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалында хабарлады.

Қызмет облыстағы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарында және мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді. Сондай-ақ үйге барып қызмет көрсету форматы да қарастырылған. Бұл түрлі себептермен фронт-офиске өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін өте қолайлы.

Қызметті алу үшін азамат ХҚКО-дағы тіркеу бөліміне жүгініп, тиісті шартқа қол қойып, қызмет құнын төлеуі қажет. Осыдан кейін жеке менеджер мемлекеттік қызметті алу процесінің барлық кезеңінде қызмет алушыны сүйемелдеп, кезектен тыс қызмет көрсетілуін және қажетті консультациялық қолдау көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Қызмет құны халыққа қызмет көрсету орталықтарында 5 697 теңгені, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда 6 306 теңгені құрайды.

«Жеке менеджер» сервисі азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу барысындағы қолайлылығын арттыру мақсатында енгізілген. Ол ХҚКО-да қызмет алу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.