Рухия Байдүкенова мен Чжан Хэ Сунань Silk Way Star жобасының әнұранын орындады - arainews.kz

Рухия Байдүкенова мен Чжан Хэ Сунань Silk Way Star жобасының әнұранын орындады

7

Жұма күні осындай видеомен басталып отыр.

Бұл — біздің Рухия Байдүкенова мен қытайлық әнші Чжан Хэ Сунаньнің Чунцинде өткен V Медиаинновациялар форумында Silk Way Star музыкалық жобасының әнұранын орындаған сәті.

Естеріңізге сала кетейік, Silk Way Star — Қазақстанда ойлап табылған ауқымды шоу. Оны Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мәдени дипломатиясының үлгісі деп атаған болатын.

Жобаның алғашқы маусымы Астанада түсіріліп, оған 12 елдің өкілдері қатысты. Ал екінші маусымының түсірілімі Қытайда өтеді. Қазақстанның атынан Рухия Байдүкенова қатысады (оған жанкүйер болып, қолдау білдірейік!).

Халықаралық байқаудың әнұранының авторы — қазақстандық композитор Хамит Шанғалиев.

Астанада дүниеге келген, бүгінде басқа елдерді де бағындырып жатқан бұл жобаны бірге бақылап жүрейік.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.