Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді - arainews.kz

Жасөспірімдер арасында спорттық іс-шара өткізілді

12

Демалыс күндеріне арналған жоспарға сәйкес №67 мекемесінде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен спорттық-сауықтыру іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында волейбол, қол күресі және арқан тарту ойындары өткізілді. Қатысушылар спорттық жарыстарға белсенді қатысып, өзара ұйымшылдық пен достық қарым-қатынас көрсетті. Әсіресе командалық ойындар барысында жасөспірімдердің ынтымақтастығы мен жеңіске деген жігері байқалды. Аталған іс-шараның мақсаты — жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, дене шынықтыруға қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және тәрбиелік бағыттағы жұмыстарды күшейту болып табылады. Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс білдіріліп, мұндай спорттық іс-шаралардың алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетіні атап өтілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.