"Қазақтың хас батыры" патриот сағаты өтті - arainews.kz

«Қазақтың хас батыры» патриот сағаты өтті

58

Ш. Уәлиханов Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында қазақтың қаһарман ұлы, даңқты мерген Ыбырайым Сүлейменовтің 115 жылдығына арналған тағылымды патриоттық сағат өтті.
Кеш барысында оқушылар батырдың ерлікке толы өмір жолымен танысты. 289 жаудың көзін жойған мергеннің қайсарлығы мен елге деген сүйіспеншілігі – бүгінгі ұрпаққа үлгі. Осындай тағылымды шаралар жас буынның бойында патриоттық рухты қалыптастырып, Отанға деген құрметін арттыра түседі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.