ҚАЖ қызметкерлері дауыс берді | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері дауыс берді

129

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәсхихаттар депутаттарының сайлауы өтуде. Айрықша маңызға ие саяси науқанға ҚАЖ саласының қызметкерлері де бір кісідей атсалысып, тарихи шарадан шет қалмады. Өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 түзеу мекемесінің басшысы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев бастаған жеке құрам қызметкерлері таңсәріден тұрып, 100 пайыз облыс орталығындағы сайлау учаскелеріне барып өз таңдауларын жасады.

— Бүгін еліміз үшін маңызды саяси күн. Дауыс беруге халықтың көптеп қатысуы — сайлаудың әділ өтуіне кепіл болады. Яғни, әрбір азаматтың сайлауға қатысуы елдің дамуына, келешегіміздің кемел болуына ықпал етеді. Біз, ҚАЖ қызметкерлері, егемен еліміздің болашағы үшін дауыс бердік, — дейді мекеме бастығы Ерлан Ділдәбекұлы.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.