Сотталғандар арасында спорттық шара өтті | arainews.kz

Сотталғандар арасында спорттық шара өтті

91

Жамбыл облысы ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінің мәдени-спорттық іс-шаралар жоспарына сәйкес мекемедегі жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында спорттық сайыс өткізілді.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, бірнеше қылмыс жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары.

– Мекеме басшылығы жазасын өтеуші азаматтарды темір торда телміртіп отырғызбай уақытын тиімді түрде өткізуді ұтымды пайдаланып отыр. Бұл жазасын өтеуші азаматтардың қайтадан қылмыс жасауына жол бермеудің бірден-бір жолы, – дейді мекме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарының құрамалары қатысып, жарыс көркін қыздырды. Тартысты аламан нәтижесінде 2-жасақ жеңімпаз атанса, ІІ орынға 3-жасақ табан тіреді. Ал жүлделі ІІІ орынды 6-жасақ құрамасы қанжығалады. 

Сайыс қорытындысы бойынша аса белсенділікпен атсалысқан азаматтар мен жеңімпаздарға мекеме басшылығының атынан алғыс жарияланды.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.