ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды | arainews.kz

ҚАЖ қызметкерлері қан тапсырды

9 728

Қиналғанға қол ұшын созып, жығылғанға жәрдем беру қашаннан қазақтың қанында бар қасиет. Бұл игі істі ҚАЖ саласының қызметкерлері де жалғастырып келеді. Мәселен, күні кеше Жамбыл облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің қызметкерлері қайырымдылықтың озық үлгісін көрсетті.

Аталған мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған азамат денсаулығы сыр беріп, төсекке тағылған-тын. Ауруы дендеген жазасын өтеуші едәуір мөлшерде қан жоғалтып, оған шұғыл түрде қан құю керек болған. Жаны қысылып, аурумен арпалысып жатқан жанға көмек беру мақсатында мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұловтың бас болуымен мекеменің 10 қызметкері Жамбыл облыстық қан орталығына барып, қан тапсырды. Донор болып, адам өмірін ажалдан арашалауға үлес қосқан ҚАЖ қызметкерлері бұл ісін ерекше ерлік деп санамайды. Керісінше атадан қалған игі дәстүрдің жалғасы, қайырым мен мейірімнің белгісі деп біледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.