Індетті жеңудің жолы – екпе салу

9

Қазіргі уақытта халықты вакциналау коронавирус инфекциясымен күрестегі маңызды кезең болып саналады. Анығында, вакциналау – індеттің алдын алудың басты шарасы. Осыған орай, жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/1 (тергеу изоляторы) мекемесіндегі сотталған азаматтарға екпе салу жұмыстары жүргізілді.

Мекеменің медициналық бөлімінің бастығы әділет майоры Айжан Есалиеваның айтуынша, вакцина қабылдап, иммунитетті арттыру ең дұрыс шешім. «Жалпы, біздің мемлекеттің өз халқын вакциналауға мүмкіндігі бар екені қуантады. Вакцина коронавирустан қорғанудың жалғыз сенімді, қауіпсіз жəне тиімді əдісі, — деді ол өз сөзінде.

Айгүл ТЫНЫСТАНОВА,
ЖД-158/1 мекемесінің қызметкері

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.